Сағыр ауылындағы Ленин көшесін қайта атау туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Аблакет ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 1 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Ұлан аудандық Әділет басқармасында 2008 жылғы 11 ақпанда № 5-17-75 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес және 1993 жылдың 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының "Әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 3 бөлімінің 14 бабының 4 тармағының негізінде шешемін:
      1. Сағыр ауылындағы Ленин көшесі Абылайхан көшесі болып қайта аталсын.
      2. Осы шешім бірінші ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы шешімнің орындалуын қадағалау бас маман Н.Кунавковаға жүктелсін.
      Округ әкімі Е. Сейтказин

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады