Қаратұма ауылдық округын құтырық індетімен залалданған деп шектеу қою туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық әкімдігінің 2008 жылғы 31 наурыздағы N 67 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Үржар аудандық әділет басқармасында 2008 жылғы 10 сәуірде N 5-18-61 тіркелді. Күші жойылды - Үржар ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 17 маусымдағы N 385 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Үржар ауданы әкімдігінің 2009.06.17 N 385 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қаратұма ауылдық округында иттер арасынан құтырық індетінің орын алуына байланысты, ҚР «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10-шілдедегі № 339-II Заңының 10-бабы 2-тармағының 9) тармақшасына,  27 бабына сәйкес, ауданның бас мемлекеттік ветеринариялык инспекторының ұсынысы мен эпизоотиялык тексеру актісі және Семей қаласындағы аймақтық ветеринариялык зертханасының 20-шы наурызындағы № 55 сараптау актісі негізінде және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазакстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағы 18) тармақшасын басшылыққа ала отырып Үржар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қаратұма ауылдық округына құтырық індетінен шектеу қойылсын.
      2. Эпизоотияны жою жөніндегі шаралар Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339-II Заңына сәйкес іске асырылсын.
      3. Шектеу іс шараларының ұйымдастырылуына және атқарылу барысына ауданның бас мемлекеттік ветеринариялык инспекторы (Б.У. Сатай) (келісімі бойынша) бақылау жүргізуі ұсынылсын.
      4). Осы каулының орындалуына бақылау жүргізу Үржар ауданы ауыл шаруашылық бөлімінің ММ-сі бастығына (А.А. Бексұлтановқа) жүктелсін.
      5). Қаулы ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

      Үржар ауданы әкімі                    Б. Жанақов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады