2009 жылға арналған әлеуметтік жұмыс орындары туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданының әкімдігінің 2008 жылғы 25 желтоқсандағы N 331 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Шемонаиха аудандық әділет басқармасында 2009 жылғы 6 қаңтарында N 5-19-87 тіркелді. Қабылданған мерзімінің бітуіне байланысты күші жойылды - Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 15 қаңтардағы № 2/83 хаты

      Ескерту. Қабылданған мерзімінің бітуіне байланысты күші жойылды - Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2010.01.15 № 2/83 хаты.

      Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабы, 1-тармағы 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылдың 23 қаңтардағы Заңының 7-бабы 5-4-тармақшасына және 5- бабы 2- тармағына, Шемонаиха ауданы әкімдігінің «Халықтың мақсатты тобын жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөніндегі шаралар және оларды қаржыландыру ережелері туралы» 2005 жылдың 22 ақпандағы № 991 қаулысына сәйкес, халықтың мақсатты тобының жұмыспен қамтылмағандарын және жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау жөнінде қосымша шаралар белгілеу мақсатында, Шемонаиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес, 2009 жылға халықтың мақсатты тобындағы  жұмыспен қамтылмағандарды және жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарының саны және ұйымдар (кәсіпорындар) тізімі анықталсын.
      2. «Шемонаиха ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі халықтың мақсатты тобын жұмысқа орналастыру үшін жұмыспен қамтылмағандарды және жұмыссыздарды жинақтауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары Л.А.Беляеваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Шемонаиха ауданының әкімі                Г. Ермолаев

Шемонаиха ауданы әкімдігінің
2008 жылғы 25 қаңтардағы
№ 331 қаулысына
қосымша

Әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынушы
ұйымдар (кәсіпорындар)
ТІЗІМІ

р/с №

Жұмыс беруші

Орындар саны

1.

«ШығысҚазмыс» МХК филиалы, ЖРЭЦ

6

2.

«Первомай ОӨК» мемлекеттік емес мекеме

2

3.

«№ 10 дәріхана» ЖШС

2

4.

«Ертіс» Ш/Қ

2

5.

«Кедр» ЖШС

2

6.

«ШҚО әкімдігі денсаулықсақтау Басқармасының Шемонаиха аудандық медициналық бірлестігі» КМҚК

2

7.

Таранова ЖШС

1


ЖИЫНЫ:

17

      «Шемонаиха ауданының жұмыспен
      қамту және әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімі» ММ бастығы                        Г. Бабаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады