Жұмыссыздардың қоғамдық жұмысын ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 25 желтоқсандағы N 687 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әділет басқармасында 2009 жылғы 26 қаңтарда N 7-3-70 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы N 113 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімдігінің 2010.01.29 N 113 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ақылы қоғамдық жұмыстарды жүргізетін ұйымдардың қоса берілген тізбесі бекітілсін.

      2. Қоғамдық жұмыстарға тартылған жұмыссыздарға төленетін жалақы ең төменгі мөлшерінен кем болмайтын көлемде жүргізілсін.

      3. Күнтізбелік жыл бойы жұмыссыздардың қоғамдық жұмысқа қайта тартылуы мүмкін деп танылсын.

      4. "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (И. Сивкова) жұмыссыздардың қоғамдық жұмысын жергілікті бюджеттен қаржыландыруды қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т. Сидиховке жүктелсін.

      Аудан әкімінің міндетін атқарушы Г. Урынгалиев

  Қосымша
Бөрлі ауданы әкімдігінің
2008 жылғы 25 желтоқсандағы
N 687 қаулысымен бекітілген

Ақылы қоғамдық жұмыстарды жүргізетін ұйымдардың
тізбесі

N

Ұйымдардың атауы

Жұмыс түрі

Қаржыландыру көзі

Жұмыс жағдайы

1

"Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Көгалдандыру; ағаш және гүл егу; тоғандар мен арықтарды қоқыстан тазарту; аумақты, көшелерді, жол жиегін қардан, қоқыстан, арам шөптен тазарту; халық санағы мен мал санағын жүргізу; үйлердің маңындағы жертөлелерді тазарту

Аудандық бюджет

Жұмыс беруші жасайды (қажетті құралжабдықтармен қамтамасыз етеді)

2

Ауданның селолық округ әкімдерінің аппараттары

Көгалдандыру; ағаш және гүл егу; тоғандар мен арықтарды қоқыстан тазарту; аумақты, көшелерді, жол жиегін қардан, қоқыстан, арам шөптен тазарту; халық санағы мен мал санағын жүргізу; үйлердің маңындағы жертөлелерді тазарту; бұлақтарды абаттандыру

Аудандық бюджет

Қажетті құралжабдықтармен қамтамасыз етеді


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады