2009 жылға нысаналы топтарға жататын азаматтардың тізбесі және оларды қорғау жөніндегі әлеуметтік шаралар туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 26 желтоқсандағы N 310 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әділет басқармасында 2009 жылғы 13 қаңтарда N 7-11-81 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы N 494 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 31.12.2009 N 494 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 13 тармақшасы басшылыққа алып, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5 бабына, 7 бабының 2 тармақшасына сәйкес, нысаналы топтарға жататын азаматтарды әлеуметтік қорғау және оларға жұмысқа орналасу құқығын көрсету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2009 жылға нысаналы топтарға жататын азаматтардың тізбесі 1 қосымшаға және 2009 жылға нысаналы топтарды қорғау жөніндегі әлеуметтік шаралар 2 қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы Р. С. Мусалимоваға белгіленген шаралар бойынша ең алдымен нысаналы топтарға жататын азаматтарды қамтамасыз ету жүктелсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ. Н. Мусинге жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

  Аудан әкімдігінің
2008 жылғы 26 желтоқсандағы
N 310 қаулысына 1 қосымша

2009 жылға нысаналы топтарға жататын азаматтардың
тізбесі:

      1. Табысы аз адамдар;

      2. Жиырма бір жасқа дейінгі жастар;

      3. Балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;

      4. Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;

      5. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажететеді деп. Танылған адамдары бар азаматтар;

      6. Зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға 2 жыл қалған);

      7. Мүгедектер;

      8. Қазақстан Республикасының Қарулы күштері қатарынан босаған адамдар;

      9. Бас бостандығынан айыру және мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;

      10. Оралмандар;

      11. Жұмыссыздар.

  Аудан әкімдігінің
2008 жылғы 26 желтоқсандағы
N 310 қаулысына 2 қосымша

2009 жылға нысаналы топтарды қорғау жөніндегі әлеуметтік
шаралар:

N

Іс-шаралар

Барлығы, адам саны

Соның ішінде нысаналы топ, адам саны

1

Жұмысқа орналастыру

370

185

2

Қоғамдық жұмыстарға жіберу

390

190

3

Бастапқы даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға жіберу барлығы

53

25

Соның ішінде:
- бастапқы даярлау
- қайта даярлау
- біліктілігін арттыру

17
30
6

10
13
2

4

Әлеуметтік жұмыс орындарына жіберу

60

60


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады