Степногорск қаласында 2009 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Степногорск қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 23 сәуірдегі № А-3/195 қаулысы. Ақмола облысы Степногорск қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 8 мамырда № 1-2-109 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Степногорск қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 22 қаңтардағы № А-1/21 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Степногорск қаласы әкімдігінің 2010.01.22 № А-1/21 қаулысымен

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабы 1 тармағының 13), 14) тармақшаларына сәйкес, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5) тармақшасын, 20 бабын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру ережесінің 7, 8 тармақтарын негізге алып, жұмыс орнын іздеу барысында қиындық көретін жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау мақсатында, оларды уақытша жұмыспен қамтамасыз ету үшін Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2009 жылы «Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде, Степногорск қаласының ұйымдарында, Ақсу, Бестөбе, Заводской, Шаңтөбе кенттерінде және Қарабұлақ ауылында тіркеуде тұрған жұмыссыз адамдар үшін қоғамдық жұмыстары ұйымдастырылсын.
      2. 2009 жылғы Степногорск қаласы, Ақсу, Бестөбе, Заводской, Шаңтөбе кенттерінде және Қарабұлақ ауылындағы ұйымдар, қоғамдық жұмыстар түрлері, көлемі және нақты шарттары, қатысушылардың еңбек ақының мөлшері және оларды қаржыландыру көздерінің қоса берілген тізбесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      3. «Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі:
      1) тіркелген күніне сәйкес жұмыссыздардың келісімен кезек тәртібімен қоғамдық жұмыстарға жіберуін жүзеге асырсын;
      2) қоғамдық жұмыстарды орындауына жұмыс берушілермен үлгілік шарттар жасасын;
      3) 2009 жылға арналған Степногорск қаласының бюджетінде көзделген қаражаттардың шегінде қоғамдық жұмыстарды қаржыландыруын қамтамасыз етсін;
      4) бірінші кезекпен мақсатты топтарға жататын жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберсін.
      4. Жұмыссыздардың қоғамдық жұмыстарына қатысу мерзімі 6 ай болып белгіленсін.
      5. Қоғамдық жұмыстардағы жұмыссыздардың еңбекақысы жергілікті бюджетінен ең төменгі жалақы мөлшерінде белгіленсін.
      6. Күші жойылды деп танылсын:
      «2009 жылы ақы төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» Степногорск қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 18 желтоқсандағы № ә-10/523 қаулысы, нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізімдемесінде № 1-2-102 тіркелген, 2009 жылдың 23 қаңтарында № 3 (133) «Степногорск Ақшамы» және «Вечерний Степногорск» газетінде жарияланған.
      7. Осы қаулының орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.
      8. Осы қаулы Степногорск қаласының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Степногорск қаласы
      әкімінің м.а.                              Г. Сәдуақасова

      КЕЛІСІЛГЕН:

      «Степногорск қаласының
      жұмыспен қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік
      мекемесі бастығының м.а.                   С. Шабаров

      Степногорск аймағы бойынша қаржы
      полициясының ауданаралық
      бөлімінің бастығы                          А. Ризанов

      «Ақмола обысының Ішкі істер департаменті
      Степногорск қаласының ішкі істер
      бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                                    Е. Қаппасов

      Степногорск қалалық
      сотының төрағасы                           Қ. Тоқсанбаев

      Степногорск қаласы бойынша
      Салық басқармасының төрағасы               Д. Бекболатов

      «Степногорск қаласының қорғаныс
      істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        Н. Асылбеков

      «Степногорск қалалық емханасы»
      мемлекеттік қазыналық коммуналдық
      кәсіпорнының бас дәрігері                  А. Дүйсенов

      «Степногорск қаласының әділет
      басқармасы» мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                                    Д. Жүнісов

      Степногорск қаласының зейнетақы төлеу
      жөніндегі мемлекеттік орталығының
      бастығы                                    Л. Заворыкина

      «Степногорск қаласының мемлекеттік
      мұрағаты» мемлекеттік мекемесінің
      директоры                                  Л. Мұхамедина

      «Степногорск қалалық статистика
      бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                                    А. Орлова

Степногорск қаласы әкімдігінің
2009 жылғы 23 сәуірдегі № а-3/195
қаулысына қосымша

2009 жылғы Степногорск қаласы, Ақсу, Бестөбе, Заводской,
Шаңтөбе кенттерінде және Қарабұлақ ауылында ұйымдар, қоғамдық
жұмыстар түрлері, көлемі және нақты шарттары, қатысушылардың
еңбек ақының мөлшері және оларды қаржыландыру көздерінің
тізбесі

Ұйымның атауы

Қоғамдық жұмыстардың түрлері

Қоғам-
дық жұ-
мыстар-
дың
көлемі

Қоғамдық жұмыстардың нақты шарттары

Еңбек ақының мөлшері және оларды қаржыландыру көздері (мың. теңге)

1

«Степногорск қаласы әкімінің аппараты» ММ

Құжаттарды өңдеу бойынша техникалық жұмыстарды өткізуіне көмек көрсету

1045

Демалыс күндерді есепке алып күніне 8 сағат

484,0
Жергілікті бюджет

2

«Бестөбе кенті әкімінің аппараты» ММ

Кенттің аумақтарын жинау

160 гектар

Демалыс күндерді есепке алып күніне 8 сағат

804,0

Жергілікті бюджет

3

«Заводской кенті әкімінің аппараты» ММ

Аймақтың экологиялық сауықтыруы, кент аумақтарын жинау, «Әлеуметтік карталардың мониторингі» республикалық бағдарламасын орындау бойынша табысы аз азаматтарды тексеру

130 гектар

Демалыс күндерді есепке алып күніне 8 сағат

967,0
Жергілікті бюджет

4

«Шаңтөбе кенті әкімінің аппараты» ММ

Аймақтың экологиялық сауықтыруы, кент аумақтарын жинау, «Әлеуметтік карталардың мониторингі» республикалық бағдарламасын орындау бойынша табысы аз азаматтарды тексеру

120 гектар

Демалыс күндерді есепке алып күніне 8 сағат

1933,0
Жергілікті бюджет

5

«Қарабұлақ ауылы әкімінің аппараты» ММ

Аймақтың экологиялық сауықтыруы, кент аумақтарын жинау, «Әлеуметтік карталардың мониторингі» республикалық бағдарламасын орындау бойынша табысы аз азаматтарды тексеру

15 гектар

Демалыс күндерді есепке алып күніне 8 сағат

806,0
Жергілікті бюджет

6

«Ақсу кенті әкімінің аппараты» ММ

Аймақтың экологиялық сауықтыруы, кент аумақтарын жинау, «Әлеуметтік карталардың мониторингі» республикалық бағдарламасын орындау бойынша табысы аз азаматтарды тексеру

9,605 гектар

Демалыс күндерді есепке алып күніне 8 сағат

1450,0
Жергілікті бюджет

7

«Ішкі саясат бөлімі» ММ

Мониторингін, халықтың сауалнамасын, ұйымдық жұмыстарды өткізу

4500 адам

Демалыс күндерді есепке алып күніне 8 сағат

162,0
Жергілікті бюджет

8

«Орталықтандырылған кітапханалық жүйесі» ММ

Кітаптарды жаңғырту бойынша техникалық жұмыстарды өткізуінде, жеке парақтарды және мұқабаларды ауыстыруда көмек көрсету

660

Демалыс күндерді есепке алып күніне 8 сағат

162,0
Жергілікті бюджет

9

«Степногорск қ. тарихи - өлке тану мұражайы» ММ

Техникалық жұмыстарды өткізуіне көмек көрсету

420

Демалыс күндерді есепке алып күніне 8 сағат

161,0
Жергілікті бюджет

10

«Тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ

Құжаттарды өңдеу бойынша техникалық жұмыстарды өткізуіне көмек көрсету

1560

Демалыс күндерді есепке алып күніне 8 сағат

161,0
Жергілікті Бюджет

11

«Степногорск қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ

Құжаттарды өңдеу бойынша техникалық жұмыстарды өткізуінде, жеке парақтарды және мұқабаларды ауыстыруда көмек көрсету

840

Демалыс күндерді есепке алып күніне 8 сағат

161,0
Жергілікті бюджет

12

«Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ

«Әлеуметтік қарталардың мониторингі» республикалық бағдарламасын орындау бойынша табысы аз азаматтарды тексеру

23117 отбасы

Демалыс күндерді есепке алып күніне 8 сағат

484,0
Жергілікті бюджет

13

Степногорск аймағы бойынша қаржы полициясының ауданаралық бөлімі

Құжаттарды өңдеу мен ресімдеуде көмек көрсету

1380

Демалыс күндерді есепке алып күніне 8 сағат

161,0

Жергілікті бюджет

14

«Жатақхана - 2» ЖШС

«Дружба» аула құлыбының тәрбие жұмысын ұйымдастыру

30

Демалыс күндерді есепке алып күніне 8 сағат

161,0

Жергілікті бюджет

15

«Горкоммунхоз» ШЖҚ МКК

Қала аумақтарын жинау, аумақтың экологиялық сауықтыруы және көгалдандыруы

372 000 шаршы метр

Демалыс күндерді есепке алып күніне 8 сағат

3419,0

Жергілікті бюджет

16

«Степногорск қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» ММ

Шақырылу учаскесіне жазылуға жататын тұлғаларға шақыру қағаздарын тарату

1400

Демалыс күндерді есепке алып күніне 8 сағат

483,0

Жергілікті бюджет

17

«Степногорск қалалық емханасы» МҚКК

Нашақорлар арасында алдын алу жұмысын жүргізу үшін көмек көрсету

1800

Демалыс күндерді есепке алып күніне 8 сағат

161,0

Жергілікті бюджет

18

«Арыстан» ЖИК ТК

«Романтик» аула құлыбының тәрбие жұмысын ұйымдастыру

50

Демалыс күндерді есепке алып күніне 8 сағат

161,0

Жергілікті бюджет

19

Степногорск қалалық соты

Жеке тұлғаларға шақыру қағаздарын тарату

1140

Демалыс күндерді есепке алып күніне 8 сағат

322,0

Жергілікті бюджет

20

Степногорск қ. ЗТМО бөлімшесі

Мұрағатта техникалық жұмыстарды өткізуіне көмек көрсету

6000

Демалыс күндерді есепке алып күніне 8 сағат

364,0

Жергілікті бюджет

21

«Ақмола облысының Ішкі істер департаменті Степногорск қаласының ішкі істер бөлімі» ММ

Жеке тұлғаларға шақыру қағаздарын тарату

1200

Демалыс күндерді есепке алып күніне 8 сағат

644,0

Жергілікті бюджет

22

«Степногорск қалалық статистика бөлімі» ММ

Халық санағын жүргізу үшін көмек көрсету

3960

Демалыс күндерді есепке алып күніне 8 сағат

161,0

Жергілікті бюджет

23

«Степногорск қаласының мемлекеттік мұрағат» ММ

Құжаттарды өңдеу бойынша техникалық жұмыстарды өткізуінде, жеке парақтарды және мұқабаларды ауыстыруда көмек көрсету

2700

Демалыс күндерді есепке алып күніне 8 сағат

364,0

Жергілікті бюджет

24

«Степногорск қаласының әділет басқармасы» ММ

Халықты құжаттау бойынша жұмыстарды өткізуінде көмек көрсету

412 000

Демалыс күндерді есепке алып күніне 8 сағат

644,0

Жергілікті бюджет

25

Степногорск қаласы бойынша салық басқармасы

Мүліктік және жер салықтары бойынша жеке тұлғаларға хабарламалар тарату

25 000

Демалыс күндерді есепке алып күніне 8 сағат

364,0

Жергілікті бюджет

      Қысқармалардың толық жазылуы:
      ММ – мемлекеттік мекеме;
      ШЖҚ МКК – шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық  кәсіпорны;
      МҚКК – мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны;
      ЖИК ТК – жайлар иелерінің кооперативі, тұтынушылық кооперативі;
      ЗТМО – зейнетақыны төлеу мемлекеттік орталығы;
      ЖШС – жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады