2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Степногорск қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 27 сәуірдегі № А-3/206 қаулысы. Ақмола облысы Степногорск қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 5 маусымда № 1-2-113 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Степногорск қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 25 қаңтардағы № а-1/28 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Степногорск қаласы әкімдігінің 2010.01.25 № а-1/28 қаулысымен

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңдарына сәйкес, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 01 сәуірдегі № 779 Жарлығын, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 01 сәуірдегі № 779 Жарлығын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі № 543 қаулысын негізге алып, Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Ақмола облысы Степногорск қаласының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемсіне (келісім бойынша) шақырылудан босатылуға немесе кейінге қалдыруға құқығы жоқ, сондай-ақ оқу орындарынан босатылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақырылу бойынша белгіленген мерзімді әскери қызметін атқармаған он сегiзден жиырма жетi жасқа дейiнгi ер азаматтардың 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін.
      2. Степногорск қаласы, 1 шағынаудан, 22 үй, «Ақмола облысы Степногорск қаласының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі мекен-жайы бойынша шақыру бөлімшесі ұйымдастырылсын (одан әрі – Қорғаныс істері жөніндегі бөлім).
      3. Шақыру комиссиясы 1 қосымшаға сәйкес құрамында құрылсын.
      4. Азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізудің 2 қосымшаға сәйкес кестеде бекітілсін.
      5. Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «Степногорск қалалық емханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына (келісім бойынша), Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының «Степногорск өңірлік психиатриялық ауруханасы» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) азаматтарды әскери қызметке шақыру кезінде медициналық қуәландырудан өткізу үшін медициналық қызметкерлердің қажетті саны бөлінсін.
      6. Ұйымдардың басшыларына шақырылуға жататын азаматтарды iссапарлардан (демалыстардан) шақырып алуға, олардың хабардар етілуін және шақыру учаскесiне уақтылы келiп жетуiн ұйымдастыруға ұсыныс берілсін.
      7. Ақсу, Бестөбе, Заводской және Қарабұлақ ауылдарының әкiмдерiне әскерге шақырылушыларды олардың шақыру учаскесіне шақырылғаны туралы хабардар етілсін және олардың дер кезiнде келуiн қамтамасыз етсiн.
      8. «Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Ақмола облысының Ішкі істер департаменті Степногорск қаласының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) әскери қызметке шақырудан жалтарған адамдарды жеткiзудi, сондай-ақ әскерге шақырылушылардың әскери бөлiмдерге жөнелтiлуi және кетуi кезiнде қоғамдық тәртiптiң сақталуын қамтамасыз етсiн.
      9. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      10. Степногорск қаласы әкімдігінің осы қаулысы Степногорск қаласының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      11. Степногорск қаласы әкімдігінің осы қаулысы 2009 жылдың 17 сәуірінен бастап қалыптасқан құқықтық қатынастарға тарайды.

      Степногорск қаласы
      әкімінің м.а.                              Г. Сәдуақасова

      КЕЛІСІЛГЕН:

      «Ақмола облысы Степногорск
      қаласының Қорғаныс істері
      жөніндегі бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        Н. Асылбеков

      Ақмола облысы денсаулық
      сақтау басқармасы жанындағы
      «Степногорск қалалық емханасы»
      мемлекеттік коммуналдық қазыналық
      кәсіпорнының бас дәрігері                  А. Дүйсенов

      «Қазақстан Республикасының Ішкі
      істер министрлігі Ақмола облысының
      Ішкі істер департаменті
      Степногорск қаласының
      ішкі істер бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        Е. Қаппасов

      Ақмола облысы денсаулық
      сақтау басқармасының
      «Степногорск өңірлік
      психиатриялық ауруханасы»
      мемлекеттік мекемесінің
      бас дәрігері                               Б. Сармұрзинов

Степногорск қаласы әкімдігінің
2009 жылғы 27 сәуірдегі № а-3/206
қаулысына 1 қосымша

Шақыру комиссиясының құрамы

Асылбеков Нұржан Төлеужанұлы

«Ақмола облысы Степногорск қаласының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша)

Боцман Николай Яковлевич

«Степногорск қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, комиссия төрағасының орынбасары

Комиссия мүшелері:

Есжанов Қанат Рахметоллаұлы

«Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Ақмола облысының Ішкі істер департаменті Степногорск қаласының ішкі істері бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының тәрбие және кадрлар жұмысы бойынша орынбасары (келісім бойынша)

Жұмабекова Алмагүл Телманқызы

Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «Степногорск қалалық емханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының учаскелік терапевт- дәрігері, медициналық комиссиясының төрайымы (келісім бойынша)

Оспанов Болат Кеңесұлы

«Отан» республиқалық қоғамдық  бірлестігінің кәсіби-техникалық оқу орталығының директоры (келісім бойынша)

Штундер Георгий Георгиевич

«Отан» республикалық қоғамдық бірлестігінің кәсіби-техникалық оқу орталығының маманы (келісім бойынша)

Вернигора Наталья Ивановна

Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «Степногорск қалалық емханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының мейірбикесі, комиссия хатшысы (келісім бойынша)

Степногорск қаласы әкімдігінің
2009 жылғы 27 сәуірдегі № а-3/206
қаулысына 2 қосымша

Мерзімді әскери қызметке азаматтардың шақыруын жүргізу кестесі

№ р/р

Елді мекендер

Комиссияның жұмыс күндері, уақыты –8.30-ден 18.00-ге дейін

сәуір

мамыр

маусым

қазан

қараша

желтоқсан

1

Ақсу кенті

23, 24

22

12

5, 6

13

11

2

Бестөбе кенті

17, 20

29

19

7-8

20

18

3

Заводской кенті

21, 22

22

26

9; 12

27

25

4

Қарабұлақ ауылы

27, 28

15

5

1-2

6

4

5

Степно-
горск
қаласы

3-30

15, 29

12, 26

1-31

6, 13, 20

11, 18, 25

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады