Аршалы ауданы аумағында ит пен мысықты ұстау және серуендету жөнінде Ережелерді бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Аршалы аудандық мәслихатының 2009 жылғы 29 сәуірдегі № 17/5 шешімі. Ақмола облысы Аршалы ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 12 мамырда № 1-4-136 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Аршалы аудандық мәслихатының 2011 жылғы 9 ақпандағы № 35/8 шешімімен

     Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Аршалы аудандық мәслихатының 2011.02.09 № 35/8 шешімімен

      «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзің-өзі басқару туралы», «Ветеринария туралы» Заңдарына сәйкес, Аршалы ауданында ит пен мысықты ұстауға және серуендету жөнінде бақылау жүргізу мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аршалы ауданының аумағында ит пен мысықты ұстау ережесі қосымшаға сәйкес мақұлдансын.
      2. Жоғарыда көрсетілген ереже  аудандық мәслихаттың кезекті сессиясында қарауға енгізілсін.
      3.Осы қаулының орындалуын бақылау Аршалы ауданының әкімі орынбасары Мәмбетов Талғат Жаңабергенұлына жүктелсін.

      Аршалы ауданының
      әкімі                                      Маржықпаев Е.

Аршалы аудандық мәслихат
2009 жылғы «29» сәуірдегі
№ 17/5 шешіміне
қосымша

Аршалы ауданының аумағында мысық пен иттерді
ұстау және серуендету жөнінде(әрі қарай Ереже)
Ережелер

1. Негізгі ұғымдар

      Осы Ереже Қазақстан Республикасының «Ветеринерия туралы» 2002 жылдың 10 шілдедегі № 339 Заңында көрсетілген анықтамалармен қолданылады:
      1. Ветеринариялық мекеме – бұл мемлекеттік ветеринариялық ұйым болып, жеке және заңды тұлғаларға ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметтерді жүргізеді;
      2. Ветеринариялық (ветеринариялық-санитария) ереже - бұл нормативтік құқытық акті болып, ветеринария саласында заңды және жеке тұлғаларға қызмет көрсетуге міндетті ветеринария саласында уәкілетті мемлекеттік органдар бекітетін, ветеринариялық нормативтер негізінде, ветеринариялық шараларды өткізетін тәртіптерді анықтайды;
      3. Ветеринария саласында уәкілетті мемлекеттік орган – бұл мемлекеттік орган, Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген, ветеринария саласында мемлекеттік саясатын жүзеге асыруды өзінің құзыретінің шегінде жүргізеді;
      4. Ветеринариялық төлқұжат – үй хайуандарының аурулық диагностикасы мен емдеу,сақтандыру мақсатында, ветеринариялық тазалауды өткізудің сипаты мен мерзімі, жануарлардың жасы мен түрін, жынысын, иесін көрсететін уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген ветеринариялық үлгідегі құжат.

2. Жалпы ережелер

      5. Осы Ереже Қазақстан Республикасының ветеринариялық заңына сәйкес әзірленген және аудандағы елді мекендердегі, сондай-ақ меншік түріне қарамастан ұйымдар мен мекемелердегі барлық иттер мен мысықтар иелеріне (бұдан әрі - жануар) таратылады.
      6. Осы Ереженің мақсаты - ветеринария саласындп Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына байланысты, сондай – ақ жалпы үй хайуандары мен адамдар үшін аурулардан халықты сақтауға байланысты, олардың диагностикасын немесе емдеуін, алдын алуына бағытталған ветеринариялық - санитариялық процедураларды сақтау болып табылады.
      7. Иттер мен мысықтарды ұстаудың міндетті шарттары болып:
      1) Тұрғылықты мекен бойынша, мал дәрігерлік емдеу орнында 2,5-3 айлығында диагностикалық тексеруден, қажетті барлық алдын - алу шараларынан өткізу, жыл сайын қайта тіркеп отыру. Иелікке алған үй хайуандарын 2 апталық мерзімде тіркеу қажет;
      2) Иттер мен мысықтарды тиісті мал дәрігерлік - санитарлық ережелер мен нормаларға сәйкес жағдайда ұстау;
      3) Ауданнан тыс жерлерге иттер мен мысықтарды сатуға және алып шығуға рұқсат тек белгіленген үлгідегі ветеринариялық куәлігі ресімделген жағдайда беріледі;
      4) Ветеринариялық төлқұжаты болмаған жағдайда көрмеге және тұқымдық байқауға қатысуға жіберілмейді;
      5) Ашық су бөгендерінде иттер мен мысықтарды шомылдыруға тиым салынады;
      6) Ветринария мамандарының шешімі бойынша иттер мен мысықтар алынады және оқшауландырылады.

3. Иттер мен мысық иелерінің міндеттері

      8. Иттер мен мысық иелері:
      1) Иттер мен мысықты биологиялық ерекшелікке сәйкес ұстау, оларға ізгілікпен қарау, қараусыз қалдырмау, ауырған жағдайда мал дәрігерінің көмегін сұрау;
      2) Оларды ұстайтын орындар мен қыдыртатын жерлерде тиісті санитарлық жағдай қалыптастыру;
      3) Иттер мен мысықты иелікке алған сәттен бастап тұрғылықты мекен бойынша мал дәрігерлік емдеу орнында тіркеу қажет. Алдын-алу шараларының жоспарына сай, жыл сайын егу, диагностикалық тексеруден өткізуді қамтамасыз ету керек;
      4) Иттерді ұстауда айналадағы азаматтар қауіпсіздігі қамтамасыз етілуі керек;
      5) Ұстауға мүмкіндік болмаған жағдайда үй хайуандарын басқа иелікке өткізу керек;
      6) Иттер мен мысықты сату, өлу немесе жоғалту жағдайында тұрғылықты мекендегі ветеринариялық мекемеге хабарласу керек;
      7) Ит адамды немесе басқа хайуанды, малды қапқан жағдайда ит иесі міндетті түрде дереу жақын жердегі медициналық және мал дәрігері мекемесіне хабарлауы қажет, ит оңашаланып мал дәрігері маманының бақылауында болады.
      9.Иттер мен мысықтардың ауруларын жою және диагностика, сақтандыру, емдеу, дегельминтизияға байланысты барлық шығындар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Ветеринария бойынша нормативтік құқықтық актілер мен басқа да актілерді бекіту туралы» қаулысымен, Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 6 тарауының 3 бабына сәйкес бекітілген тізбеге енгізілген өте қауіпті аурулардан басқаларға иттер мен мысық иелері есебінен өндіріледі.
      10.Иттерді отарда, үйірде, табында, сондай-ақ малшаруашылығы фермаларында ұстауға қажетті ветеринариялық тазалаудан өткеннен және ветеринариялық төлқұжатқа белгі қойылғаннан кейін ветеринариялық инспектордың жазбаша хатымен рұқсат беріледі.
      11.Өлген үй хайуандарын көму және шығарып тастау үшін қатты тұрмыстық шығындар ды тастайтын орынға коммуналдық шаруашылығына хабарлау керек. Далаға тастауға немесе ашық жерде қалдыруға болмайды. Өлгендерді арнайы белгіленген орынға тастау керек.

4. Иттер мен мысық иелерінің құқықтары

      12. Ит пен мысық меншік иелігі болып табылады да, кез келген меншік сияқты заңмен қорғалады.

5. Ит пен мысықты ұстау

      13. Иттер мен мысықтарды екі немесе одан да көп, туыстық қатынастары жоқ отбасылары тұратын тұрғын үй жайларында, жалпы пайдаланатын орындарда, пәтерлерде ұстау, олардың келісімімен және көршілерді медициналық тұрғыдан қарама қайшылығы болмаса рұқсат етіледі.
      14. Ит пен мысықты бір отбасы тұратын жеке пәтерде ұстау, санитарлық гигиеналық мал дәрігері - санитарлық нормалары және осы ереже сақталған жағдайда рұқсат етіледі.
      15. Азаматтарға, кәсіпорындар мен мекемелерге тиісті иттер жыл сайын міндетті түрде тексеруден өтуі керек. Тіркеу ақылы жүргізіледі. Төлем ақыны алуды жергілікті атқару органдарының шешімімен белгіленеді.
      16. Иттер оңаша аумақтарда ұстауда жақсы қоршалған аулалар мен учаскелерде, вольерлерде немесе байланған болуы керек. Иттің бар екендігі туралы аулаға немесе учаскеге кіре берісте ескертілген жазу ілінуі қажет
      17. Иттерді қыдырту, осы мақсат үшін арнайы бөлінген алаңдарда, бос жерлерде, тағы да басқа адам жоқ жерлерде рұқсат етіледі. Иттерді қыдырту кезінде тұрғын үйлер жанында тыныштықты қамтамасыз ету керек. «Аршалы ауданының жер қатанасы бөлімі» ММ, Коммуналдық қызмет, аудандық сәулет органдары ит және мысық серуендететін орындарды белгілейді.
      18. Иесі бар иттер мен мысықтар, қоғамдық орындар жанындағы дүкендердің, емханалар мен дәріханалардың т.б. байлаулы қалдырылған иттерден басқалардың барлығы көшелердегі базарлардағы, скверлердегі ілесусіз иесі жоқтар қаңғыбастар болып табылады да, оларды арнайы қызмет орнының атуына рұқсат етіледі.
      19. Иттер мен мысықты сату, сатып алу, сондай-ақ ауданнан тыс жерлерге алып кетуге ветеринариялық рұқсатнама керек.
      20. Ветеринариялық ережеге сәйкес ветеринария мамандарының талабына сәйкес, иттер мен мысық иелері міндетті диагностикалық тексеруден өткізуді қамтамасыз ету керек.

6. Иттер мен мысықтардың иелеріне тиым салынады:

      1) жалпы пайдаланатын асханаларда, дәліздерде, баспалдақ алаңдарында, шатырларда, подвалдар мен лоджыларда;
      2) иттер мен мысықтарды подъездерді, баспалдақ, спорт және кір жаятын алаңдарды, гүлзарларды, жаяу жүргінші жолдарын, скверлер мен саябақтарды былғауларын. Осы аталған орындар былғанған жағдайда, бұл орындарды иелері тазалауға тиіс;
      3) иттерді жалпы пайдаланатын қоғамдық орындарда тізгінсіз, сондай-ақ мас күйде және 14 жасқа дейінгі балалардың қыдыртуына тиым салынады;
      4) мал дәрігерлік емдеу орнында тіркеуінсіз ұстауға тиым салынады;
      5) ауданның ветеринариялық қызметінің рұқсатысық ит ұрыстарын өткізуге;
      6) тұрғын үй аумағында сағат 23 - 00 -ден сағат 6 - 00 аралығында тыныштықты бұзуға.

7. Осы ережені бұзған иттер мен мысықтар иелерінің
жауапкершілігі

      21. Осы Ереженің талаптарын сақтамаған иттер мен мысық иелері Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 311 бабына сәйкес жауапкершілікке тартылады:
      - осы Ережені бұзғандарға ескерту беріледі немесе үш айлық есеп көрсеткішіне дейінгі мөлшерде айып салынады (ит ұстау ережесі бұзғандар);
      - осы Ережені бұзғандарға ескерту беріледі немесе бір айлық есеп көрсеткішіне дейінгі мөлшерде айып салынады (мысық ұстау ережесі бұзғандар);
      - осы Ережені бұзып, азаматтардың денсаулығы мен мүлкіне зиян келтіргендерге 10 айлық есеп көрсеткішіне дейінгі мөлшерде айып салынады (азаматтар мен мүліктеріне зиян келтірген жағдайда).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады