Ұлтуған ауылының көшелеріне атаулар беру туралы

Жаңа

Ақмола облысы Бұланды ауданы Никольск селолық округі әкімінің 2009 жылғы 14 шілдедегі № 5 шешімі. Ақмола облысы Бұланды ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 12 тамызда № 1-7-88 тіркелді

      "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына, 1993 жылдың 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4 тармақшасына сәйкес, Ұлтуған ауылы тұрғындарының жиынындағы 2009 жылдың 30 маусымдағы хаттамасын есепке ала отырып, Никольск селолық округінің әкімі ШЕШТІ:
      1. Ұлтуған ауылының көшелеріне атаулар берілсін:
      № 1 көшеге - Жұман Исабеков атауы;
      № 2 көшеге - Бейбітшілік атауы.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім Бұланды ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Никольск селолық
      округінің әкімі                            П.Ш.Қабдин

      КЕЛІСІЛДІ:

      Бұланды ауданының
      «Мәдениет және
      тілдерді дамыту бөлімі»
      мемлекеттік мекеменің
      бастығы                                    С.Е.Аймағамбетова

      Бұланды ауданының
      «Сәулет және қала
      құрылысы бөлімі»
      мемлекеттік мекеменің
      бастығы                                    Р.Қ.Әбділдина

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады