Қызметін Ерейментау ауданының аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 2009 жылғы 30 қаңтардағы № 4C-13/4-09 шешімі. Ақмола облысы Ерейментау ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 10 наурызда № 1-9-113 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 2012 жылғы 10 желтоқсандағы № 5С-9/4-12 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 10.12.2012 № 5С-9/4-12 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 422 бабының 2 тармағына сәйкес, Ерейментау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Қызметін Ерейментау ауданының аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық ставкалары белгіленсін (қосымша).
      2. Осы шешім Ерейментау ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен күшіне енеді және ресми жарияланған кезінен қолданысқа енгізіледі.
      3. Ерейментау аудандық мәслихаттың 2005 жылғы 25 қарашадағы «Тіркелген жиынтық салық ставкасын және ойын бизнесінің акциз ставкасын бекіту туралы» № С-21/3 шешімі (2005 жылғы 13 желтоқсандағы нормативтік құқықтық актілердің Аймақтық мемлекеттік тіркеу Тізімдемесінде № 1-9-37 болып тіркелген, 2006 жылғы 10 мауысымдағы № № 64-65 аудандық «Ереймен» газетінде мемлекеттік тілде, 2006 жылғы 10 мауысымдағы № 64-65 аудандық «Ерейментау» газетінде орыс тілінде жарияланған) күші жойылғаны танылсын.
      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау бюджет, қаржы, әлеуметтік-экономикалық дамуының, экология және ардагерлермен жұмыс мәселелері бойынша Ерейментау аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      Аудандық мәслихаттың
      сессия төрағасы                            А.Әлжанов

      Ерейментау аудандық
      мәслихатының хатшысы                       Қ.Махметов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Ерейментау ауданының
      әкімі (ЕАӘ)                                Н.Ә.Ережепов

      «Қазақстан Республикасы
      Қаржы Министірлігі Салық Комитеті
      Ақмола облысы Салық Департаметінің
      Ерейментау ауданы бойынша
      Салық басқармасы»
      ММ бастығы (ЕАбСБ)                         Ж.Ә.Уәлиев

      «Ерейментау ауданының
      Экономика және бюджеттік
      жоспарлау бөлімі»
      ММ бастығы (ЕАЭжБЖБ)                       Қ.Ж.Құдабаев

Ерейментау аудандық мәслихаттың
2008 жылғы 30 қаңтардағы  
№ 4С-13/4-09 шешіміне   
қосымша          

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 2010.07.21 № 4С-26/4-10 (Қолданысқа енгізу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімімен

Қызметін Ерейментау ауданының аумағында
жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін
бірыңғай тіркелген салық ставкалары

Рет

Салық салу объектісінің атауы

Тіркелген салықтың базалық ставкаларының мөлшері (айлық есептік көрсеткіш)

1.

Ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер

2

2

Бильярд үстелі

3

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады