Кеңащы селосының көшелеріне атаулар беру туралы

Жаңа

Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы Кеңащы ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 10 тамыздағы № 1 шешімі. Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 10 қыркүйекте № 1-10-94 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңы 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылы 8 желтоқсанындағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы» Заңы 14-бабының 4-тармақшасына сәйкес, және 2009 жылғы 4 наурыздағы Кеңащы селосы тұрғындары жиынының № 02 хаттамасын есепке ала отырып, Кеңащы ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Кеңащы селосының көшелеріне келесі атаулар берілсін:
      № 1 көшесіне - «Біржан сал» атауы, № 2 көшесіне - «Ақан сері» атауы.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім Еңбекшілдер ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми түрде жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Кеңащы ауылдық
      округінің әкімі                            Н.Әубәкіров

      КЕЛІСІЛДІ:

      Еңбекшілдер ауданының
      «Сәулет және қала құрылыс
      бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        А. Қ. Ахметова

      Еңбекшілдер ауданының
      «Мәдениет және тілдерді
      дамыту бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                                    Г. Т. Жақыпова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады