Жолдыбай ауылының, Бұлақ ауылының көшелеріне атаулар беру туралы

Жаңартылған

Ақмола облысы Зеренді ауданы Симферополь селолық округі әкімінің 2009 жылғы 7 тамыздағы № 2 шешімі. Ақмола облысы Зеренді ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 15 қыркүйекте № 1-14-109 тіркелді

      Ескерту. Шешімнің тақырыбында және бүкіл шешімнің мәтіні бойынша "селосы", "селолық", "селосының" деген сөздері тиісінше "ауылы", "ауылдық", "ауылының" деген сөздермен ауыстырылды - Ақмола облысы Зеренді ауданы Симферополь ауылдық округі әкімінің 20.01.2017 № 1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармақшасына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына, Жолдыбай ауылы және Бұлақ ауылы халқының пікірін ескере отырып, Симферополь ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Жолдыбай ауылының, Бұлақ ауылының көшелеріне атаулар берілсін:
      1) Жолдыбай ауылы:
      № 1 көшеге – Мектеп атауы;
      № 2 көшеге – Орталық атауы;
      № 3 көшеге – Болашақ атауы;
      № 4 көшеге – Байтерек атауы;
      № 5 көшеге - Ақ қайың атауы;
      2) Бұлақ ауылы:
      № 1 көшеге – Жастар атауы;
      № 2 көшеге - Жасыл ел атауы;
      № 3 көшеге - Достық атауы;
      № 4 көшеге – Келте бұлақ атауы.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім Зеренді ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Әкім Е.Әленов

      КЕЛІСІЛДІ:
      Зеренді ауданының "Сәулет және қала
құрылысы бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
В.М.Петрова
      Зеренді ауданының "Мәдениет
және тілдерді дамыту бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы
Ә.М.Райымбекова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады