Приречен селосының, Павловка селосының көшелеріне атаулар беру туралы

Жаңа

Ақмола облысы Зеренді ауданы Приречен селолық округі әкімінің 2009 жылғы 27 шілдедегі № 3 шешімі. Ақмола облысы Зеренді ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 24 тамызда № 1-14-100 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4 тармағына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабының 2 тармағына, Приречен селосы және Павловка селосы халқының пікірін ескере отырып, Приречен ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Приречен селосы, Павловка селосының көшелеріне атаулар берілсін:
      1) Приречен селосы:
      № 1 көшеге – Еңбекшілер;
      № 2 көшеге - Орталық;
      № 3 көшеге – Жаңа;
      № 4 көшеге – Достық;
      № 5 көшеге - Мектеп;
      № 6 көшеге - Жастар;
      2) Павловка селосы:
      № 1 көшеге – Орталық;
      № 2 көшеге – Жастар;
      № 3 көшеге – Еңбекшілер.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім Зеренді аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Әкім                                       А.Мейрамов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Зеренді ауданының
      «Сәулет және қала
      құрылысы бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                                    В.М.Петрова

      Зеренді ауданының
      «Мәдениет және тілдерді
      дамыту бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        Ә.М.Райымбекова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады