2009 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Қорғалжын ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 10 маусымдағы № 71 қаулысы. Ақмола облысы Қорғалжын ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 15 маусымда № 1-15-127 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Қорғалжын ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 13 қаңтардағы № 4 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Қорғалжын ауданы әкімдігінің 2009.01.13 № 4 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 8 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 19,20,23 баптарына, Қазақстан Республикасы Президентінің «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» 2009 жылдың 1 сәуіріндегі № 779 Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі № 779 Жарлығын іске асыру туралы» 2009 жылғы 17 сәуірдегі № 543 қаулысына сәйкес, азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақырылуын уақытылы және сапалы өткізу мақсатында Қорғалжын ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1.Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтар, 2009 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында тиісті жергілікті әскери басқару органдары арқылы кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. Аудандық әскерге шақыру комиссиясы (1 қосымша) құрылсын және азаматтарды әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі бекітілсін (2 қосымша)
      3. «Ақмола облысы денсаулық сақтау Басқармасы жанындағы Қорғалжын аудандық емханасы» мемлекеттік коммуналдық- қазыналық кәсіпорны (келісім бойынша) аудандық әскерге шақыру учаскесін қажетті құрал-саймандармен, медициналық және шаруашылық мүліктермен қамтамасыз етсін.
      4. Қорғалжын кенті және селолық, ауылдық әкімдеріне, ұйым басшыларына:
      1) әскери шақырушылар жеке шақыру қағаздарында көрсетілген қажетті құжаттармен әскерге шақыру учаскесіне келуін қамтамасыз етсін;
      2) шақыртылуға тиісті азаматтарды іс сапардан (демалыстан) шақыртып алып, шақырту учаскесінде өз уақытында келуін ұйымдастырсын;
      5. «Қазақстан Республикасының ішкі істер министірлігі Ақмола облысының ішкі істер депаратменті Қорғалжын ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша):
      1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарына әскерге шақырушыларды жіберу және шақыру учаскесінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етсін;
      2) бұрын сотталған, сотта немесе тергеуде жүрген әскерге шақырушылар туралы ақпарат берсін;
      6. Қорғалжын ауданы әкімдігінің «2009 жылдың сәуір-маусым және қазан желтоқсан айларында азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды өткізу туралы» 2009 жылдың 07 мамырдағы № 55 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-15-126 тіркелген, 2009 жылдың 20 мамырында «Қорғалжын өңірі» газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылсын.
      7. Қорғалжын ауданы әкімдігінің осы қаулысының күші 2009 жылдың 17 сәуірінен бастап қалыптасқан құқықтық қатынастарға тарайды.
      8.Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Қ. Аққожинаға жүктелсін.
      9. Қорғалжын ауданы әкімдігінің осы қаулысы әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және бірінші ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                С.Қасенов

Қорғалжын ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 10 маусымдағы № 71 қаулысына
1 қосымша

Қорғалжын аудандық шақыру комиссиясының құрамы:

      Әшімов Талғат                  «Ақмола облысы Қорғалжын
      Оралбекұлы                     ауданының қорғаныс істері
                                     жөніндегі бөлімі» мемлекеттік
                                     мекемесі бастығы, шақыру
                                     комиссиясының төрағасы

      Кәрімова Қалима                «Қорғалжын ауданы әкім
      Мұсылманбекқызы                аппаратының мемлекеттік құқықтық
                                     бөлімі» бастығы, комиссия
                                     төрағасының орынбасары

Комиссия мүшелері:

      Найманбаев Егінбай             «Қазақстан Республикасының ішкі
      Қазенұлы                       істер Министірлігі Ақмола
                                     облысының Ішкі істер
                                     депаратменті Қорғалжын
                                     ауданы ішкі істер бөлімі»
                                     бастығының орынбасары

      Шахманова Роза                 «Ақмола облысы денсаулық сақтау
      Жакуқызы                       Басқармасы жанындағы Қорғалжын
                                     аудандық емханасы» мемлекеттік
                                     коммуналдық-қазыналық
                                     кәсіпорны дәрігері медициналық
                                     комиссияның төрағасы

      Мұқатаева Биғайша              «Ақмола облысы денсаулық сақтау
      Абсағитқызы                    Басқармасы жанындағы Қорғалжын
                                     аудандық емханасы» мемлекеттік
                                     коммуналдық-қазыналық кәсіпорны,
                                     медициналық бикесі шақыру
                                     комиссияның хатшысы

Қорғалжын ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 10 маусымдағы № 71 қаулысына
2 қосымша

Азаматтарды әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі

р/с

Ауыл округтері

Өткізілетін күндер

Адам саны

1

Амангелді

18.04.2009 жыл

7

2

Арықты

19.04.20009 жыл

11

3

Қарашалғын

20.04.2009 жыл

14

4

Қызылсай

20.04.2009 жыл

11

5

Кенбидайық

20.04.2009 жыл

5

6

Майшұқыр

22.04.2009 жыл

3

7

Сабынды

23.04.2009 жыл

29

8

Қорғалжын

24.04.2009 жыл

45





1

Амангелді

05.10.2009 жыл

6

2

Арықты

06.10.20009 жыл

15

3

Қарашалғын

07.10.2009 жыл

17

4

Қызылсай

08.10.2009 жыл

8

5

Кенбидайық

09.10.2009 жыл

6

6

Майшұқыр

10.10.2009 жыл

3

7

Сабынды

11.10.2009 жыл

30

8

Қорғалжын

12.10.2009 жыл

40

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады