2010 жылдың қаңтарынан наурызға дейінгі мерзімде әскерге шақыру участкісіне тіркеу жылында жасы он жетіге толатын 1993 жылы туған еркек жынысты азаматтардың тіркеуін жүргізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Целиноград ауданы әкімінің 2009 жылғы 3 желтоқсандағы № 12 шешімі. Ақмола облысы Целиноград ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 31 желтоқсанда № 1-17-127 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Целиноград ауданы әкімінің 2010 жылғы 22 қарашадағы № 6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Целиноград ауданы әкімінің 2010.11.22 № 6 шешімімен

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабына, 2001 жылғы 23 қаңтарындағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33 бабына Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында әскери мiндеттiлер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргiзу тәртiбi туралы Ережеге сәйкес, Целиноград ауданының әкімі ШЕШТІ:
      1. «Целиноград  ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне 1993 жылы туған тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтар шақыру учаскелеріне тіркелуге жататын азаматтарды 2010 жылдың қаңтарынан наурызға дейінгі мерзімде тіркеуі Астана қаласы, Көктал шағын ауданы, Бабатай-ұлы көшесі, 20 үй мекенжайы бойынша ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. Целиноград ауданы әкімінің «Әскерге шақыру участкісіне 1992 жылы туған Целиноград ауданының азаматтарын тіркеуін жүргізу туралы» 2008 жылғы 26 желтоқсандағы № 19 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 1-17-81 тіркелген, 2009 жылғы 6 ақпанда «Призыв» - «Ұран» газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы аудан әкімі шешімнің орындалуын бақылау Целиноград ауданы әкімінің орынбасары Б.А. Жанбаевқа жүктелсін.
      4. Осы аудан әкімінің шешімі Целиноград ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Әкім                                       М.Мыңжанов

      КЕЛІСІЛДІ:

      «Целиноград ауданының
      қорғаныс істер жөніндегі бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығының міндетін атқарушы               Ж.Т.Анафин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады