Щучье аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 30 қаңтардағы № С-11/2 "Бір жолғы талондар құнының және кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрі үшін тіркелген салық ставкалары мөлшерін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Щучье аудандық мәслихатының 2009 жылғы 29 шілдедегі № С-17/1 шешімі. Ақмола облысы Щучье ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 25 тамызда № 1-19-165 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 2013 жылғы 2 шілдедегі № 5С-17/4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 02.07.2013 № 5С-17/4 шешімімен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 420421422 баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына сәйкес Щучье аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Щучье аудандық мәслихаттың «Бір жолғы талондар құнының және кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрі үшін тіркелген салық ставкалары мөлшерін бекіту туралы» 2009 жылғы 30 қаңтардағы № С-11/2 (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-1-148 тіркелген, 2009 жылғы 30 наурыздағы аудандық «Луч» газетінде, 2009 жылғы 26 наурыздағы аудандық «Бурабай» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
      1) 3 қосымшаның 4 тармағында:
      айына «40 айлық есептік көрсеткіш», «20 айлық есептік көрсеткіш» болып өзгертілсін.
      2. Осы шешiм Ақмола облысының Щучье аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың
      XVII (кезектен тыс)
      сессиясының төрағасы                       А. Ибраева

      Аудандық мәслихат
      хатшысының міндетін
      атқарушы                                   М. Көшенов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Щучье ауданы әкімінің
      міндетін атқарушы                          Е. Каменов

      Щучье ауданының экономика
      және бюджеттік жоспарлау
      бөлімінің бастығы                          Г. Тінәлинова

      Щучье ауданының қаржы
      бөлімінің бастығы                          В. Корнеева

      Щучье ауданы бойынша
      салық басқармасы бастығының
      міндетін атқарушы                          Қ. Балтабеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады