Ақтөбе облысының елді мекендерінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілері бойынша ай сайынғы базалық төлемақы ставкаларын арттыру туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облыстық мәслихатының 2009 жылғы 6 ақпандағы № 159 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2009 жылғы 23 ақпанда № 3283 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облыстық мәслихатының 2014 жылғы 10 желтоқсандағы № 273 шешімімен

     Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облыстық мәслихатының 10.12.2014 № 273 шешімімен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) 530 бабының 3 тармағына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. "Ақтөбе облысының елді мекендерінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілері бойынша ай сайынғы базалық төлемақы ставкалары қосымшаға сәйкес екі есеге арттырылсын.
      2. Облыстық мәслихаттың Ақтөбе облысының әділет департаментінде 2008 жылғы 28 маусымда № 3263 тіркелген 2008 жылғы 18 маусымдағы № 89 "Ақтөбе облысының елді мекендерінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастырғаны үшін ай сайынғы төлемақы ставкалар мөлшерін белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім алғаш рет жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Облыстық мәслихаттың сессия төрағасы
      Облыстық мәслихаттың хатшысы

В. ФАЛАЛЕЕВ
А. ЕСІРКЕПОВ


Облыстық мәслихаттың 
2009 жылғы 6 ақпандағы
N 159 шешіміне қосымша

Ақтөбе облысының елді мекендерінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілері бойынша ай сайынғы базалық төлемақы ставкаларының арттырылған мөлшерлері
 

Рет №

Жарнама түрлері

Төлемақы ставкалары (бір жағы үшін) (АЕК)

Облыстық маңызы бар қалалар (Ақтөбе қаласы)

1

2

3

1.

Жылжымайтын объектілерде:


1.1.

алаңы 2 ш.м. дейін сілтемелер, маңдайшалар, ақпараттық қалқандар (бір объект үшін)

2

1.2.

лайтбокстер (сити форматтағы)

4

1.3.

алаңы мынадай болатын жарнамалық-ақпараттық объектілер:


1.3.2.

5-тен 10 ш.м. дейін

10

1.3.3.

10-нан 20 ш.м. дейін

20

1.3.4.

20-дан 30 ш.м. дейін

30

1.3.5.

30-дан 50 ш.м. дейін

40

1.3.6.

50-ден 70 ш.м. дейін

60

1.3.7.

70 ш.м. астам

100

   
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады