2009 жылғы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу және дайындығын ұйымдастыру туралы

Мерзімі біткен

Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2009 жылғы 27 сәуірдегі N 155 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2009 жылғы 12 мамырда N 3289 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақтөбе облысы әкімінің аппаратының 2014 жылғы 9 қаңтардағы № 14-5/53 хаты).

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақтөбе облысы әкімінің аппаратының 09.01.2014 № 14-5/53 хаты).

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі N 74 "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 19, 20 баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару мен өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңының 27 бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі N 543 "Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі N 779 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Жарлығын іске асыру туралы" Қаулысына сәйкес облыс әкiмдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ақтөбе облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті" мемлекеттiк мекемесiне (Б.Қ.Аманшиев) ер азаматтарды 2009 жылғы сәуiр-маусым және қазан-желтоқсан айларында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне және басқа құрылымдарына, мерзімді әскери қызметке шақырудың мерзімді құқығына қатысы жоқ және әскерге шақыру кезінде 18 жасқа толған азаматтарды, сонымен қатар, шақыру мерзіміне құқығы жоқ жасы үлкен ер азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру жүзеге асырылсын.

      2. Ақтөбе қаласының және аудандардың әкiмдерiне, Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң бақылау және әлеуметтік қорғау Комитетінің Ақтөбе облысы бойынша бақылау және әлеуметтік қорғау департаментiне (С.Е.Аманбаев), "Ақтөбе облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" (К.К.Сарсенғалиев), "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" (Қ.Қ.Сабыр), "Ақтөбе облысының ішкi iстер департаменті" (П.К. Нокин), Ақтөбе станциясы желiлiк iшкi iстер бөлiмiне (С.Ж. Сәрсенов), мемлекеттік мекемелеріне Ақтөбе облысының қорғаныс істері жөніндегі бөлімдерін (басқарма) жабдықталған әскерге шақыру (жинау) қостарымен, дәрi-дәрмектермен, құрал-саймандармен, медициналық және шаруашылық мүлiктерiмен, автомобиль көлiктерiмен, байланыс құралдарымен, қоғамдық тәртіп күзетімен қамтамасыз ету ұсынылсын.

      3. Облыстық әскерге шақыру комиссиясының құрамы бекiтiлсiн.

      4. "Ақтөбе облысының қаржы басқармасы" мемлекеттiк мекемесiне (С.Еңсегенұлы) әскерге шақыру жөніндегі iс-шараларды орындауға байланысты шығындарға "2009 жылы әскери қызметке шақыру жөніндегі іс-шаралар" бағдарламасына сәйкес 5570000 (бес миллион бес жүз жетпіс мың) теңге бөлінсiн.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Ж.Т. Оралмағамбетовке жүктелсiн.

      6. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелуге тиісті, алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Облыс әкiмi

Е. Сағындықов


  Облыс әкiмдiгінiң
2009 жылғы 27 сәуірдегі N 155
қаулысымен бекiтiлген

Облысты қ ә скерге ша қ ыру комиссиясыны ң
ҚҰ РАМЫ

      Аманшиев - "Облыстық қорғаныс істері жөніндегі

      Бауыржан Қилыбайұлы департаменті" ММ бастығы лауазымын

      уақытша атқарушы, комиссия төрағасы

      Мұқанов - "Ақтөбе облысының жұмылдыру

      Кенжетай Бияшұлы дайындығы, азаматтық қорғаныс,

      авариялар мен дүлей апаттардың

      алдын алуды және жоюды ұйымдастыру

      басқармасы" ММ бастығы, комиссия

      төрағасының орынбасары

      Комиссия мүшелерi:

      Қарасай - "Ақтөбе облысының iшкi iстер

      Берденұлы Күшелеков департаменті" ММ бастығының

      орынбасары (келісім бойынша)

      Көшеров - "Бiлiм басқармасы" ММ бас маманы

      Ықсан Көшерұлы

      Нармұхамедов - "Ақтөбе облысының денсаулық

      Жәнiбек Қарайұлы сақтау басқармасы" ММ бастығының

      орынбасары

      Сүндетов - "Қорғаныс істері жөніндегі

      Қасым Қадырбайұлы департаментінің" шақыру бөлімі

      бастығы (келісім бойынша)

      Есмақанов - "Қорғаныс істері жөніндегі

      ЕсенгелдiБимәліұлы департаменті"ММ бастығының

      көмекшісі – дәрігер (медициналық

      комиссиясының төрағасы)

      (келісім бойынша)

      Төлегенова - Салауатты өмір салтын қалыптастыру

      Гүлжайна Құттымұратқызы орталығының медбикесі

      Лұқманов - "Ақтөбе облысының қорғаныс істері

      Роберт Николайұлы жөніндегі департаменті" ММ

      бастығының тәрбие, әлеуметтік және

      психологиялық жұмыстар бойынша

      орынбасары – ТӘжПЖ бөлімі бастығы

      (келісім бойынша)

      Бахтиярова - ТӘжПЖ бөлімі бастығының аға әскери

      Ольга Сергеевна маманы (психолог) (келісім бойынша)

      Сыдықов - "Ақтөбе облысының қорғаныс істері

      Жанат Выратбекұлы жөніндегі департаментінің" ММ

      бастығының көмекшісі -

      заңгер-кеңесшісі (келісім бойынша)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады