Елек өзені мен оның салаларының су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы әкімдігінің 2009 жылғы 20 сәуірдегі № 127 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2009 жылғы 18 мамырда № 3294 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 мамырдағы № 19-1/446 "Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы" нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11838 тіркелген бұйрығына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – Ақтөбе облысының әкімдігінің 20.12.2016 № 536 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      1. 1 қосымшаға сәйкес, бекітілген жобалық құжаттамасы негізінде Елек өзені мен оның салаларына (Жарықтың, Көктөбенің, Тамдының, Табанталдың, Есеттің, Жақсықарғалының, Тәнірбергеннің, Жамансуды, Ақсуды) су қорғау аймақтары мен белдеулердің бекітілген жобасы белгіленсін.
      2. 2 қосымшаға сәйкес, Елек өзені мен оның салаларының су қорғау аймақтары мен белдеулері шегінде шаруашылық қызметін жүзеге асыруға жол берілмейтін шарттар тізбесі бекітілсін.
      3. Ақтөбе қаласының және аудандардың әкімдері:
      су қорғау аймақтары мен белдеулерінің шекараларын нақтылы түрде көшіруді, жерді есепке алу құжаттамасына өзгерістер енгізуді және осы жұмыстардың жүргізілуіне тұрақты бақылауды қамтамасыз етуді жүзеге асырсын;
      су қорғау аймақтары мен белдеулерінің шегінде құрылыс және басқа арнайы қажеттер үшін аумақты бөлу мен пайдалануды осы қаулының 1 және 2 тармақтарының талаптарын қатан сәйкесте жүргізсін.
      4. Ақтөбе қаласы мен аудандардың, ауылдық (селолық) округтердің әкімдері, су қорғау аймақтары мен белдеулерінің шегінде орналасқан пайдаланылуында жер учаскелері бар, ведомстволық тиесілілігі мен меншік нысанына қарамастан кәсіпорындардың, ұйымдардың, басқа да шаруашылық жүргізуші субъектілерінің басшыларына, олардың санитарлық жай-күйін тиісті дәрежеде күтілуін және шаруашылық жүргізу режимінің сақталуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
      5. "Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" ММ (Ж.И.Иманқұлов) жобалық құжаттарды Елек өзені және оның салаларының ластануына, қоқысталуына жол бермеу және су қорғау аймақтары мен белдеулерінің аумағын пайдалану режимін сақтауды қамтамасыз ету іс-шараларын әзірлеу үшін Ақтөбе қаласының, Алға, Қарғалы, Мәртөк және Мұғалжар аудандарының әкімдіктеріне, мемлекеттік уәкілетті органдарға тапсырсын.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары І.Қ. Өмірзақовқа жүктелсін.
      7. Осы қаулы бірінші ресми жарияланғаннан 10 күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі Е. Сағындықов

  Ақтөбе облысы әкімдігінің
2009 ж. 20 сәуірдегі
№ қаулысына 1 қосымша

Елек өзені мен оның салаларының су қорғау аймақтары мен белдеулері

      "Елек өзені мен оның салаларының су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу" бекітілген жобалық құжаттамасына сәйкес бекітіледі:
      Елек өзені мен оның Жарық, Көктөбе, Тамды, Табантал, Есет, Жақсы Қарғалы, Тәңірберген, Жамансу, Ақсу сияқты салаларының су қорғау аймағының ені көпжылдық орташа межелік деңгей кезіндегі деңгейден тасқын су кезеңіндегі көпжылдық орташа су деңгейіне дейін және қашықтықты қосқанда 500 метр;
      Елек өзені мен оның салаларының бастаулары, сондай-ақ бұлақтар үшін су қорғау аймақтарының ені 50 метр;
      Ақтөбе салалық су қоймасының су қорғау аймағының ені, көп жылдық орташа межелік деңгей кезіндегі деңгейден тасқын су кезеңіндегі көп жылдық орташа су деңгейіне дейін және қашықтықты қосқанда 1000 метр. Су қорғау аймағының ішкі шекарасы қалыпты толық деңгей кезіндегі су деңгейінен өтеді.
      Су құйылатын су қоймалары мен көлдер үшін су қорғау аймағының ені акваториясы 2 ш.м. дейін болса 300 метр және акваториясы 2 ш.м. астам болса 500 метр;
      Батпақтардың су қорғау аймақтарының ені 300 метр;
      Бағалы өндірістік балықтардың уылдырық шашу орындарын қорғайтын ормандардың тыйым салынған белдеулері орналасқан Елек өзені бассейнінің учаскелерінде су қорғау аймақтарының ені осы белдеулердің еніне тең, бірақ белгіленген су қорғау аймақтарының енінен кем емес;
      Қалалар мен елді мекендер аумақтарындағы су қорғау аймақтарының мөлшері мен шекаралары бекітілген бас жоспарға сәйкес және ағынды канализациялар мен жағалаулықтар болуына қарай жобалау мен құрылыс салудың нақты шарттарын негізге ала отырып;
      Орталықтандырылған шаруашылық - ауыз сумен қамтамасыз ету көздері үшін санитарлық қорғау аймақтары орналастырылған учаскелерде су қорғау аймақтарының мөлшері мен шаруашылық жүргізу режимі санитарлық қағидалармен және нормалармен;
      Жоғары жақтан ағатын су беті сулары (өзен аңғарларының бұрмалары, жол-көлік желісі, бөгеттер, орман алқаптарының шеті) Елек өзені бассейнінің су нысандарына келу мүмкіндігінен айыратын табиғи және жасанды шептер мен кедергілер су қорғау аймақтарының шекараларымен Елек өзені мен оның Жарық, Көктөбе, Тамды, Табантал, Есет, Жақсы Қарғалы, Тәңірберген, Жамансу, Ақсу сияқты салаларының, Ақтөбе салалық су қоймасының су қорғау белдеулерінің ені – 50 метр, (одан бетер - аумақтың су нысанына іргелес жатқан жердің түріне және баурайларының тіктігі жобаның 6.1-1 кесте). Су қорғау белдеулерінің шекаралары онжылдық кезеңдегі жағалауларды болжамдық өңдеу еніне ұлғаяды.
      Жағалауды бойлай ағаш-бұта белдеулері немесе қорғаныс және жағалауды бекітетін құрылыстар болған кезде бағалы ауыл шаруашылығы алқаптарында су қорғау белдеулерінің енін 10 метрге азайтылуына рұқсат етіледі.
      Аса бағалы балық шаруашылығы маңызы бар Елек өзені бассейні су айдыны учаскелері үшін су қорғау белдеулерінің ені (уылдырық шашатын орындар, қыстау шұңқырлары, шырланатын учаскелер) іргелес жатқан жердің еңістігіне және сипатына қарамастан кемінде 100 метр қабылданады.
      Қалалар мен елді мекендер аумақтарының шегіндегі су қорғау белдеулерінің шекарасы оларды су нысанының ластануы мен қоқыстануын болдырмайтын жағалау аймақтарын міндетті түрде инженерлік немесе орман мелиорациялық (жақтаулар, опырылған ағаш-бұта аймақтары) жайластырған кезде жобалау мен құрылыс салудың нақты шарттарын негізге ала отырып белгіленеді.
      Табиғи ресурстарды қорғау және
ерекше қорғалатын табиғи аумақтар
бөлім бастығы
Қ.Аязов

  Ақтөбе облысы әкімдігінің
2009 ж. 20 сәуірдегі
№ 127 қаулысына 2 қосымша

Елек өзені мен оның салаларының су қорғау аймақтары мен белдеулері шегінде шаруашылық қызметін жүзеге асыруға жол берілмейтін шарттар тізбесі

      1. Су қорғау аймақтары шегінде мыналарға жол берілмейді;
      1) авиациялық- химиялық жұмыстар жүргізуге;
      2) зиянкестермен, өсімдіктер ауруларымен және арам шөптермен күреске химиялық құралдарды қолдануға;
      3) топырақты тыңайту үшін көң-қи ағындарын пайдалануға;
      4) улы химикаттар, минералды тыңайтқыштар және жанар-жағар май материалдарының қоймаларын, мал шаруашылығы кешендерін және фермаларды, өнеркәсіптік, тұрмыстық және ауыл шаруашылығы қалдықтарын жинап қою және көму орындарын, зираттар және мал қорымдарын, ағынды су жиналғыштарды жайластыруға;
      5) көң мен қоқысты жинауға;
      6) автокөліктерді, тракторларды және басқа механизмдерді жөндеуге және жууға, май құюға;
      7) 3 градустан жоғары құламалы күз жанындағы аумақты және 100 метрден кем емес судан қорғау аумағының көлемінде жаңа саяжай және бау-бақша учаскелер орналастыруға;
      8) көлік құралдарының тоқтайтын орындарын, соның ішінде саяжайлық және бау-бақшалық учаскелердің аумақтарында жайғастыруға;
      9) басты мақсатта пайдаланымдағы ағаштарды кесуді жүргізуге;
      10) су қорын пайдалану және қорғау, қоршаған ортаны қорғау, жер ресурстарын басқару, энергиямен жабдықтау және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында жергілікті атқарушы органдармен және уәкілетті органның келісімінсіз, ғимараттарды, имараттарды, коммуникациалар мен басқа да объектілерді жүргізу, қайта құрылымдауға, сондай-ақ пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі жұмыстарын, жер қазу және басқа да жұмыстарына.
      2. Су қорғау белдеуі шегінде су қорғау белдеулері үшін белгіленген шектеулерден басқа мыналарға жол берілмейді:
      1) жерлерді жүйелі жыртуға;
      2) тыңайтқыштарды пайдалануға;
      3) шайылған топырақтардың орнына топырақ үйінділерін жинақтауға;
      4) мал жаюға, малға арналған жазғы лагерьлерді салуға (дәстүрлі суаттарды пайдаланудан басқа) малды тоғытуға арналған астаулар орнатуға;
      5) маусымдық стационарлық шатырлар қалашығын орнатуға;
      6) саяжай және бау-бақша телімдерін орналастыруға;
      7) жеке тұрғын үй, саяжай және басқа құрылыстар үшін телімдер бөлуге;
      8) өткелдер мен жолдар салуға;
      9) арнайы мақсаттағы техникадан басқа, автомобилдердің, тракторлар мен механизмдердің қозғалысына жол берілмейді.
      10) арнайы мақсаттағы, су жинау, суды реттеу, қорғау ғимараттары мен имараттарының және басқа да имараттарының құрылысын салуға;
      11) су өткізбейтін сырып тастаушы құралдармен жабдықталмаған аула ішілік құрылыстарды қалалар мен елді мекендерде пайдалануға;
      12) су қоймалары мен олардың су қорғау белдеулерінің ластануының алдын алатын имараттармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген нысандарды пайдалануға жол берілмейді.
      3. Су нысандарының жағаларына тығыз қабысып жатқан жеке және заңды тұлғалардың қызмет етіп тұрған саябақтық және үй жанындағы учаскелері, бау-бақшалары жер учаскелерін пайдалануға құқы бар деген мемлекеттік актісі болған кезде және олар бұл аймақта шаруашылық қызметті қатаң түрде шектеу режимін сақтаған жағдайда су қорғау белдеулерінің шегінде қалады.
      4. Су қорғау аймақтары мен белдеулерінен жер учаскелерін жаңадан беруді жергілікті атқарушы органдар су қорын пайдалану және қорғау, қоршаған ортаны қорғау және санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау саласында арнайы уәкілеттік берілген органдармен келісіле отырып жүргізіледі.
      Табиғи ресурстарды қорғау және
ерекше қорғалатын табиғи аумақтар
бөлім бастығы
Қ.Аязов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады