Халықтың мақсатты тобынан жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Алға аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 6 ақпандағы N 51 қаулысы. Ақтөбе облысының Алға аудандық Әділет басқармасында 2009 жылдың 13 ақпанда N 3-3-71 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Алға аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 15 маусымдағы № 231 қаулысымен

     Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Алға аудандық әкімдігінің 2011.06.15 № 231 Қаулысымен.  
       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 149 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 3137 баптарына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2009 жылы әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын мекемелердің тізбесі (қосымша).
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда Ақтөбе облысы Алға ауданының әкімдігінің 2009.04.28 N 155 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3 тармақтан қараңыз) қаулысымен
      2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру үшін меншік түрлеріне қарамастан аудан ұйымдарына "Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттік мекемесімен келісім-шартқа отырып, сонымен қатар келісім-шартқа сәйкес алты ай мерзіміне дейін жұмыссыз азаматтарды жұмысқа қабылдауды жүзеге асыру ұсынылсын.
      3. "Алға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ (А.Нұржан) белгіленген тапсырма және осы мақсатқа бөлінген қаражат шегінде мекемелер берген қажеттілікке сәйкес жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік жұмыс орындарына уақытша жұмысқа орналастыру үшін жолдасын. Жұмыс берушілермен келісім-шартқа отыру кезінде әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған жұмысшылардың еңбекақысының көлемі олардың нақты мүмкіндіктеріне сәйкес белгіленсін. Әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған жұмысшылардың еңбекақысы шығындарын жұмыс берушілерге 20000 теңгеден аспайтын мөлшерде ішінара өтеу жүргізілсін. Бюджет қаражаты кәсіпорынның, ұйымның есеп-шотына бағытталады.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді Ақтөбе облысы Алға ауданының әкімдігінің 2009.04.28 N 155 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3 тармақтан қараңыз), 2009.09.01 N 333 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3 тармақтан қараңыз), 2009.12.25 N 455 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3 тармақтан қараңыз) қаулылармен
      4. "Алға аудандық қаржы бөлiмi" ММ (Т.Төлегенов) 002 - 102 – 149 "Тұрғындарды жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар" бюджеттік бағдарламасы бойынша тиісті жылдың аудан бюджетінде қарастырылған қаражаттар шегінде қаржыландыруды жүзеге асырсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары М.Аққағазовқа жүктелсiн.
      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкiмi:                                М.Тағымов

Аудан әкiмдiгiнiң
2009 жылғы 6 ақпандағы
N 51 қаулысымен бекiтiлген
қосымша

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда Ақтөбе облысы Алға ауданының әкімдігінің 2009.04.28 N 155 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3 тармақтан қараңыз), 2010.03.03 N 55 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3 тармақтан қараңыз) қаулысымен

Алға ауданында 2009 жылы әлеуметтік жұмыс орындарын
ұсынатын мекемелердің тізбесі

р/с

Мекемелер атауы

Әлеуметтік жұмыс
орындар саны

1

Жеке кәсіпкерлер

10

2

Шаруа қожалықтары, ауылдық тұтыну кооперативтері

95

3

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер

10


Барлығы:

120

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады