2009 жылғы 28 қаңтардағы N 2 "Алға ауданы бойынша салық нысандарына салынатын нақтыланған салық ставкаларын белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 2009 жылғы 8 сәуірдегі N 5 шешімі. Ақтөбе облысының Алға аудандық әділет басқармасында 2009 жылдың 27 сәуірде N 3-3-75 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 2012 жылғы 7 ақпандағы № 14 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 2012 жылғы 7 ақпандағы № 14 Шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23-қаңтарындағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына және 2008 жылғы 10-желтоқсандағы N 99 "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 422-бабының 12-тармақтарының негізінде аудандық мәслихаттың кезектен тыс он жетінші сессиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:
       1. Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 28-қаңтардағы N 2 "Алға ауданы бойынша салық нысандарына салынатын нақтыланған салық ставкаларын белгілеу туралы" Алға аудандық әділет баскармасында 2009 жылдың 11 ақпанында N 3-3-70 болып тіркелген, аудандық "Жұлдыз-Звезда" газетінің 2009 жылғы 24 ақпандағы N 11 санында жарияланған шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, N 1 қосымша жаңа редакцияда белгіленсін.
       2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары М.Аққағазовқа және Алға ауданы бойынша салық басқармасының  бастығы Т.Аққожинге жүктелсін.
       3. Осы шешім аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өтіп, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың             Аудандық мәслихаттың
      сессиясының төрағасы:                 хатшысы:

         Р. Кенжегарин                    А. Кайрушев

Алға аудандық мәслихатының
2009 жылдың 8 сәуірдегі
кезектен тыс он жетінші
сессиясының N 5 шешіміне
N 1 қосымша

Алға ауданы бойынша салық нысандарына салынатын нақтыланған салық ставкаларын белгілеу

Реттік N

Салық салынатын нысандар

Ставкалар (айлық есептік көрсеткіштерде)

1

Бір ойыншыға арналған ұтыссыз ойын автоматы

2

2

Бір ойыншыдан артық ойыншыларға арналған ұтыссыз ойын автоматы

3

3

Ойын жолы

10

4

Карт

2

5

Бильярд үстелі

5

Ескерту: Тіркелген салықтың базалық ставкалар мөлшері бірлік аумағында бір айлық салық салу нысанына белгіленді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады