Бестамақ ауылының көшелерін қайта атау және жаңа көшелерге атау беру туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Алға ауданы Бестамақ ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 13 сәуірдегі N 18 шешімі. Ақтөбе облысының Алға аудандық әділет басқармасында 2009 жылдың 18 мамырдағы N 3-3-77 тіркелді

      Ескерту. Шешімнің деректемелерінде және бүкіл мәтіні бойынша "селолық" сөзі "ауылдық" сөзімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Алға ауданы Бестамақ ауылдық округі әкімінің 24.07.2019 № 56 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі).

      Қазақстан Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес және Бестамақ ауылы халқының пікірін ескере отырып, Бестамақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Алға ауданы Бестамақ ауылдық округі әкімінің 24.07.2019 № 56 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі).

      1. Бестамақ ауылының төмендегі көшелерінің атаулары:

      "Магистральный" көшесінің атауы – "Есет батыр" көшесі деп;

      "Центральный" көшесінің атауы – "Бөкенбай батыр" көшесі деп;

      "Железнодорожный" көшесінің атауы – "Темір жол" көшесі деп өзгертілсін.

      Бестамақ ауылының солтүстік-шығыс бөлігіндегі жаңадан құрылған көшелерге төмендегідей атау берілсін:

      № 1 көшеге – "Жеңіс" көшесі;

      № 2 көшеге – "Достық" көшесі.

      2. Бестамақ ауылдық округі әкімінің 13 наурыз 2009 жылдағы № 14 шешімінің күші жойылсын.

      3. Шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

      Бестамақ ауылдық
округінің әкімі
Т. Исенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады