Тоқмансай ауылдық округіне қарасты елді мекендерге көше атауын беру туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Алға ауданы Тоқмансай ауылдық округінің әкімі 2009 жылғы 08 қазандағы № 2 шешімі. Ақтөбе облысының Алға аудандық Әділет басқармасында 2009 жылдың 05 қарашада № 3-3-89 тіркелді

      Ескерту. Шешімнің деректемелерінде, атауында және мәтіні бойынша "селолық" сөзі тиісінше "ауылдық" сөзімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Алға ауданы Тоқмансай ауылдық округі әкімінің 12.10.2015 № 58 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8-желтоқсандағы № 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармақшасына, сондай-ақ Тоқмансай ауылдық округі тұрғындары өкілдерінің жиын конференциясына сәйкес ШЕШІМ ЕТТІ:
      Ескерту. Кіріспеге өзгерістер енгізілді – Ақтөбе облысы Алға ауданы Тоқмансай ауылдық округі әкімінің 12.10.2015 № 58 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      1. Тоқмансай ауылдық округіне қарасты төмендегі елді мекендерге көше атаулары берілсін:
      Қайнар ауылының көшелеріне:
      № 1 Таңатар Алдашев көшесі;
      № 2 Ахмет Жұбанов көшесі;
      № 3 Әлия Молдағұлова көшесі;
      № 4 Жарылқап Ізбасқанов көшесі;
      № 5 Жамбыл Жабаев көшесі;
      № 6 Әліби Жангельдин көшесі;
      № 7 Мұхтар Әуезов көшесі;
      № 8 Абай Құнанбаев көшесі;
      № 9 Күләш Байсейтова көшесі;
      Тоқмансай ауылының көшелеріне:
      № 1 Жеңіс көшесі;
      № 2 Қазақ көшесі;
      № 3 Тамды көшесі;
      Станция Тоқмансай ауылының көшесіне:
      № 1 Теміржол көшесі;
      Өлетті ауылының көшесіне:
      № 1 Орталық көшесі:
      2. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Тоқмансай ауылдық округінің әкімі Қ. Бақтыбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады