Ойын бизнесі бойынша тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 2009 жылғы 28 қаңтардағы N 71 шешімі. Ақтөбе облысының Байғанин аудандық әділет басқармасында 2009 жылдың 23 ақпанда N 3-4-65 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 2009 жылғы 24 сәуірдегі N 91 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 2009.04.24 N 91 шешімімен

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңының 6 бабы 1 тармағының 15 тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы N 99 –ІV "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық Кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 422 бабының 1, 2 тармақтарына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Бекітілген базалық ставкалар шегінде ойын бизнесі бойынша салық төлеушілер үшін айына салық салу бірлігіне тіркелген салықтың базалық ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Аудандық мәслихаттың 26 желтоқсан 2006 жылғы сессиясында қабылданған, Байғанин аудандық әділет басқармасында 10 қаңтар 2007 жылы N 3-4-33 болып тіркелген, "Жем-Сағыз" газетінің 2007 жылғы 23 қаңтардағы N 4 санында жарияланған "Ойын ойнайтын арнаулы компьютердің жылдық тіркелген жиынтық ставкасын бекіту туралы" N 149 шешімінің күші жойылсын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат сессиясының төрағасы:          Б. Турлыбаев

Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы
28 қаңтардағы N 71 шешіміне
ҚОСЫМША
 

 

Р/с

 

Салық салынатын объектілер

Ставкалар (айлық есептік көрсеткіштерде)

1

Ұтыссыз ойын автоматтары бір ойыншымен

6

2

Ұтыссыз ойын автоматтары бірнеше ойыншымен

8

3

Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютерлер

4

4

Ойын жолы (боулинг бойынша)

10

5

Карт

5

6

Бильярд үстелі

10

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады