Байғанин ауданы бойынша 2009 жылдың сәуір-маусым, қазан-желтоқсан айларында азаматтарды кезекті әскери қызметке шақыру туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Байғанин аудандық әкімиятының 2009 жылғы 4 мамырдағы N 88 қаулысы. Ақтөбе облысының Байғанин аудандық әділет басқармасында 2009 жылдың 20 мамырда N 3-4-70 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 5 қаңтардағы № 1 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин аудандық әкімдігінің 2010.01.05 № 1 қаулысымен.

       Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 19, 20, 40 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 8 тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі № 779 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығын жүзеге асыру мақсатында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі № 543 қаулысын басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Байғанин аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» ММ (А.Құлниязов):
      1) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне және басқа да әскери құрылымдарға 2009 жылдың сәуір-маусым, қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке шақырылу мерзімін ұзартуға және шақырылудан кейінге қалдыруға құқығы жоқ азаматтардың мерзімді әскери қызметке шақырылуын жүзеге асырсын;
      2) мерзімді әскери қызметке шақыру барысы туралы облыстық шақыру комиссиясын дер кезінде хабардар етсін.
      2. Аудандық кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру комиссиясының құрамы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      3. Селолық округ әкімдері мерзімді әскери қызметке шақырылған азаматтарды ұйымшылдықпен аттандыру бойынша қажетті шаралар алсын.
      4. «Байғанин аудандық орталық ауруханасы» МКҚК:
      1) шақыру барысында азаматтардың медициналық куәландыруын жүргізу үшін неғұрлым дайындығы мол дәрігер мамандар мен орта буынды медициналық қызметшілердің қажетті санын бөлсін;
      2) әскерге шақыруды жүргізу кезеңінде стационарлық емдеу орындарындағы шақыру жасындағы барлық азаматтар туралы ақпаратты аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге шұғыл түрде хабарласын.
      5. «Байғанин аудандық ішкі істер бөлімі» ММ (А.Омаров):
      1) азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру кезінде шақыру учаскелеріндегі және аудандық емханадағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етсін;
      2) мерзімді әскери қызметке шақырылудан жалтарушы тұлғаларды, іздеуде тұрғандарды іздеу және қорғаныс істері жөніндегі бөлімге жеткізу бойынша шешуші шаралар алсын.
      6. «Байғанин аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ (Ш.Спанова) аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің сұранысы бойынша әскерге шақырылушылардың жеке іс-қағаздарын дайындауға, шақыру қағаздарын таратуға қажетті адамдардың тиісті санын бөлуді қамтамасыз етсін.
      7. «Байғанин аудандық қаржы бөлімі» ММ (Б.Боранбай) аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне кезекті мерзімді әскери қызметке тасымалдау шаралары үшін аудан бюджетінен қарастырылған қаржы есебінен тиісті мөлшерде қаржы бөлсін.
      8. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Аманғосқа жүктелсін.
      9. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкiмi:                               Б.Кемешов

Аудан әкімдігінің 2009 жылғы
4 мамырдағы № 88 қаулысына
ҚОСЫМША

Аудандық кезекті мерзімді әскери қызметке
шақыру комиссиясының құрамы

Құлниязов             «Байғанин аудандық қорғаныс істері
Алмас Якияұлы         жөніндегі бөлімі» ММ бастығы,
                      комиссия төрағасы.

Айтқұлов              «Байғанин ауданы әкімінің аппараты» ММ
Бегендік Таскентұлы   төтенше жағдайлар жөніндегі бас маманы,
                      комиссия төрағасының орынбасары.

Комиссия мүшелері:

Омаров                «Байғанин аудандық ішкі істері
Асланбек Сүлейменұлы  бөлімі» ММ бастығы.

Әбдин                 «Байғанин аудандық орталық ауруханасы»
Оразбек Иманбайұлы    МКҚК бас дәрігері.

Құлданова             Байғанин аудандық
Жазира Ешмұханқызы    емхананың медбикесі, комиссия хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады