Байғанин ауданы аумағындағы елді мекендерде үй жануарлары мен құстарды қолда ұстау Қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 2009 жылғы 24 сәуірдегі N 93 шешімі. Ақтөбе облысының Байғанин аудандық әділет басқармасында 2009 жылдың 20 мамырда N 3-4-77 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 2012 жылғы 18 маусымдағы № 23 шешімімен

      Ескерту.  Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 2012.06.18 № 23 Шешімімен.

       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бап 1 тармағының 8 тармақшасына және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 3 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Елді мекендерде үй жануарлары мен құстарды қолда ұстау Қағидасы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 26 желтоқсандағы № 148 «Байғанин ауданы аумағындағы елді мекендерде үй жануарлары мен құстарды қолда ұстау Қағидасын бекіту туралы» шешімінің (2007 жылғы 24 қаңтарда Байғанин аудандық әділет басқармасында № 3-4-35 болып тіркелген, «Жем-Сағыз» газетінің 2007 жылғы 13 ақпандағы № 7 санында жарияланған) күші жойылсын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
 
      Сессия төрағасы:                       Қ. Сарқұл

      Мәслихат хатшысы:                      Б. Турлыбаев

Байғанин аудандық мәслихатының
24 сәуір 2009 жылғы № 93 шешімімен
БЕКІТІЛДІ

Байғанин ауданы аумағындағы елді мекендерде
үй жануарлары мен құстарды қолда ұстау
Қағидасы

1. Жалпы жағдайлар

      1. Қағида жануарлары бар барлық ауылдық округтердегі елді мекендердегі жеке және заңды тұлғаларға және ведомстволық бағыныштылығына, меншік түріне қарамастан барлық мекемелер мен кәсіпорындарға қолданылады.
      2. Қағида меншік нысанына байланысты жеке және заңды тұлғалардың үй жануарлары және құс ұстау тәртібін анықтайды.

2. Үй жануарлары мен құстарды қолға ұстауға қойылатын талаптар

      Ауыл әкімінде тіркеуден және жыл сайын қайта тіркеуден өткізу, малдәрігерлік саласындағы заңнамаларды сақтау, иелерінің жануарларды вакцинациялауды қамтамасыз етуі, диагностикалық зерттеу жүргізуі және 3-5 айлық жастан бастап ауыл шаруашылық жануарларына бірдейлендіру жүргізу;
      Жаңадан алынған жануарларға осы жұмыстарды жүргізу үшін тендерден жеңіп шыққан ұжымда және ауыл әкімі аппаратында екі апта мерзім ішінде тіркеу куәлігін алу;
      Санитарлық, гигиеналық және малдәрігерлік–санитарлық ережелерінің нормаларын сақтау;
      Қоршаған адамдар мен жануарлардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететіндей қажетті шараларды қабылдау;
      Жануарларды сатып алғандығы, олардың жоғалғандығы және өлгендігі жөнінде ауылдық мемлекеттік малдәрігерлік инспекторына хабарлау қажет.
      Жануарлар адамды немесе жануарды тістеп алған жағдайда, жануар иесі жедел түрде жақын маңдағы медициналық мекемеге хабарлауға және жануарды ауылдық малдәрігерлік инспекторіне тексеру үшін әкелуге;
      Жануарлар иелері оларды биологиялық еркшеліктеріне сәйкес ұстауға, қараусыз қалдырмауға, ауырған жағдайда малдәрігерлік көмекке жүгінуге;
      Жануарлардың тұрағын және серуендеу орындарын тиісті санитарлық жағдайда ұстауға;
      Ауылдық округтегі мемлекеттік малдәрігерлік инспекторының талап етуі бойынша жануарларды дер кезінде тексеруге, диагностикалық зерттеуге және малдәрігерлік – алдын алу шараларын өткізу үшін алып келуге;
      Ауылшаруашылық жануарлары, құстары, арнайы жабдықталған жабық орындарда жеке сектордан, мектептерден, емдеу және балалар мекемелерінен, стадиондардан, қоғамдық тамақтану және сауда кәсіпорындарынан, тамақ өнеркәсібінен, тұрғын және демалыс үйлерінен, көпшілік демалатын және сауықтыру орындардан, жасанды су қоймаларынан, артезиан құдықтарынан, өзен жағалауларынан қолданыстағы нормативтерге сәйкес белгілі бір қашықтықта ұсталынуы;
      Мал қораларын ай сайын әкпен ақтап отыру және апта сайын дезинфекция жасап отыру қажет. Қи, жем-шөп қалдықтары, қоқыстар әдейі арналған жерлерге уақытылы шығарылып отырылуы тиіс. Үй жануарлары және құстарды ұстайтын орындар аптасына бір реттен сирек емес мерзімде инсектицидтік препараттармен бүркіліп отыруы тиіс.
      Малдәрігерлік куәлігі және малдәрігерлік төлқұжаты жоқ жануарлар көрмелерге, асылтұқымдық байқауларға қатысуға жіберілмейді;
      Жануарларды сатуға, ауылдық округ ішінде тасуға және сырт жерлерге апаруға ауыл әкімі аппаратының белгіленген тәртіптігі құжаты мен малдәрігерлік құжаттары болған жағдайда ғана рұқсат етіледі;
      Жануарларды су қоймаларында және Жем, Сағыз өзендерінде тоғытуға тыйым салынады;
      Жануарлар аса қауіпті ауруларымен ауырғаны анықталған жағдайда ауылдық округ ветинспекторы келіп тексергенге дейін оқшауландырылады, әрі қарай белгіленген тәртіппен малдәрігерлік санитарлық шаралардан өткізіледі.
      Санитарлық аймақтар аудан әкімінің шешімімен анықталады.
      Бір қабатты үйлерде жануарларды, құстарды ұстауға ол үйлерде бір жанұядан артық тұратын болса, санитарлық ережелерді қатаң сақтаған жағдайда рұқсат етіледі. Біздің жерлерге тән емес экзотикалық жануарларды ұстау тек ауыл әкімі аппаратының рұқсатымен ғана мүмкін болады.
      Жабайы және үй жануарларын мектеп, мектепке дейінгі мекемелерде арнайы жануарлар бұрыштарында ұстау қажет, ал оқушылар үйлерінде ауылшаруашылығы министрлігінің аудандық аумақтық инспекциясы мемлекеттік вет.инспекторының рұқсатымен ғана ұстау қажет.
      Жануарларды көліктің барлық түрлерімен алып келу, тасымалдауға Қазақстан Республикасының малдәрігерлік Заңнамаларын сақтаған жағдайда ғана рұқсат етіледі.
      Кез келген жануар иесінің жеке меншігі болып табылады және барлық меншік сияқты Заңменен қорғалынады.
      Жануар иесінен заңда көрсетілген жағдайларда, сот үкімімен немесе басқа да реттермен алып қойылады.

3. Мал және құс ұстаудағы шектеулер

      Санитарлық аймақтарда ауылшаруашылық жануарларын, құстарды бағуға, тасымалдауға тыйым салынады.
      Малды көшелерде, алаңдарда, саябақтарда және басқа да көпшілік пайдаланатын орындарда жаюға тыйым салынады.
      Жануарлардың өліктерін шығарып жою үшін алдын ала мемлекеттік малдәрігерлік инспекторымен келісе отырып, ауыл әкімі аппаратына хабарлау қажет, өліктерді лақтырып тастауға және жерге көміп тастауға тыйым салынады.

4. Үй жануарлары иелерінің жауапкершіліктері

      Осы Қағиданың бұзылуына кінәлі заңды және жеке тұлғалар, қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады.
      Осы Қағиданың сақталуын бақылау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарымен жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады