Байғанин ауданы аумағындағы елді мекендерде иттер мен мысықтарды қолда ұстау Қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 2009 жылғы 24 сәуірдегі N 94 шешімі. Ақтөбе облысының Байғанин аудандық әділет басқармасында 2009 жылдың 20 мамырда N 3-4-78 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 2012 жылғы 18 маусымдағы № 23 шешімімен

      Ескерту.  Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 2012.06.18 № 23 Шешімімен.

       Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бап 1 тармағының 8 тармақшасына және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 3311 баптарына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Елді мекендерде иттер мен мысықтарды қолда ұстау Қағидасы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 26 желтоқсандағы «Байғанин ауданы аумағындағы елді мекендерде иттер мен мысықтарды қолда ұстау Қағидасын бекіту туралы» № 154 шешімінің (2007 жылғы 24 қаңтарда Байғанин аудандық әділет басқармасында № 3-4-36 болып тіркелген, «Жем-Сағыз» газетінің 2007 жылғы 20 ақпандағы № 8 санында жарияланған) күші жойылсын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы:                         Қ. Сарқұл

      Мәслихат хатшысы:                        Б. Турлыбаев

Байғанин аудандық мәслихатының
24 сәуір 2009 жылғы № 94 шешімімен
БЕКІТІЛДІ

Байғанин ауданы аумағындағы елді мекендерде иттер мен мысықтарды қолда ұстау
Қағидасы

1. Жалпы жағдайлар

      Осы Қағида аудан аумағында иттер мен мысықтарды ұстау тәртібі мен шартын белгілейді. Санитарлық аймақтар аудан әкімінің шешімімен анықталады.
      Қағида меншік нысанына байланыссыз жеке және заңды тұлғалардың ит және мысық ұстау тәртібін айқындайды.

2. Ит және мысық иелері:

      Оларды биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес ұстауға, қараусыз қалдырмауға, ауырған жағдайда малдәрігерлік көмекке жүгінуге;
      Ит және мысық тұрағын және серуендеу орындарын тиісті санитарлық жағдайда ұстауға;
      Ауылдық округ мемлекеттік малдәрігерлік инспекторының талап етуі бойынша жануарларды дер кезінде тексеруге, диагностикалық зерттеуге және малдәрігерлік – алдын алу шараларын өткізу үшін алып келуге;
      Қоршаған адамдар мен жануарлардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететіндей қажетті шараларды қабылдауға;
      Иттер мен мысықтарды сатып алғандығы, олардың жоғалғандығы және өлгендігі жөнінде ауылдық мемлекеттік малдәрігерлік инспекторына хабарлауға;
      Ит адамды немесе жануарды тістеп алған жағдайда, жануар иесі жедел түрде жақын маңдағы медициналық мекемеге хабарлауға және жануарды ауылдық малдәрігерлік инспекторына тексеру үшін әкелуге;
      Ит және мысық өліктерін шығарып жою үшін алдын ала мемлекеттік вет инспекторымен келісе отырып, ауыл әкімі аппаратына, иттер мен мысықтарды ату және жинау бригадаларына хабарлауға тиіс.
      Иттер мен мысықтар кіре берістерді, баспалдақ алаңдарын, гүлзардарды, тротуарлар мен саябақ аймақтарын ластап, қоқыс қалдырса, иелері жинауға тиісті.
      Қоғамдық орындарда иесіз, қараусыз жүрген иттер мен мысықтар, (дүкен, дәріхана, емхана, тұрмыстық қызмет көрсету мекемелері жанында иелері уақытша байлап қалдырып кеткендерді қоспағанда) қаңғыбас деп саналады және арнайы қызмет адамдарымен аулануға жатады.
      Иттерді серуендетуге шығарған кезде тұрғын үйлер маңында тыныштықты сақтау, иттердің қатты үруіне жол бермеуге;
      Оларды серуенге әдейі арналған алаңдарға шығаруға;
      Жол көлігі апаттарын болдырмау мақсатында үлкен магистралды жол маңында және көшені кесіп өткенде иттерді қарғыбаумен алып жүруге тиісті.
      Иесі итін қысқа уақытқа дүкен немесе басқа мекеменің қасына қысқа баумен байлап қалдыруға (ірі итті тұмсыққаппен);
      Тұрғын үйлерде, соның ішінде екі және одан да көп туыстық қатынасы жоқ жанұялар тұратын көп пәтерлі үйлерде көршілерінің келісімі бойынша және көршілерінде медициналық қарсы көрсетулер болмаған жағдайда иттерді ұжымдарда, кәсіпорындар мен мекемелерде, азық-түлік емес дүкендерде қысқа қарғыбаумен және тұмсыққаппен алып жүруге;
      Иттер мен мысықтарды ауыл ішінде көліктің барлық түрімен жолаушыларға қауіп төндірмей, мазасын алмай, төлқұжаты болған жағдайда алып жүруге рұқсат етіледі.

3. Ит және мысық ұстаудағы шектеулер

      Санитарлық аймақтарда иттер мен мысықтарды бағуға, тасымалдауға;
      Ит және мысық өліктерін лақтырып тастауға және жерге көміп тастауға;
      Иттерді серуендетуге көпшілік пайдаланатын қоғамдық орындарда және көліктерде қарғыбаусыз, тұмсыққапсыз, төлқұжаты болмаса, ішімдік ішкен адамдарға және 14 жасқа толмаған балаларға алып шығуға;
      Жануарларды көпшілік орындарда, асханаларда, дәліздерде, баспалдақ алаңдарында, шатырларда, жертөлелерде, балкондарда ұстауға;
      Иттер мен мысықтарды олардың терісі мен етін пайдалану мақсатында өсіруге;
      Аудан әкімі шешімінсіз, Қазақстан Республикасы ауылшаруашылық министрлігі аудандық аумақтық инспекциясы мемлекеттік малдәрігерлік инспекциясының тексеруінсіз иттердің төбелестерін өткізуге тыйым салынады.

4. Ит және мысық иелерінің жауапкершілігі

      Осы Қағиданың бұзылуына кінәлі заңды және жеке тұлғалар, қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады.
      Осы Қағиданың сақталуын бақылау Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен тиісті мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарымен жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады