Ырғыз ауданы аумағында "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодекстің 300, 311, 387 баптарын бұзғаны үшін жауаптылық белгіленетін ережелерін бекіту туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 2009 жылғы 22 шілдедегі № 96 шешімі. Ақтөбе облысының Ырғыз аудандық әділет басқармасында 2009 жылдың 10 тамызда N 3-5-100 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 2012 жылғы 4 мамырдағы № 20 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 2012.05.04 № 20 Шешімімен.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңның 67-бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Ырғыз ауданы аумағында «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің 300311387 баптарын бұзғаны үшін жауаптылық белгіленетін ережелері бекітілсін.
      2. Аудандық мәслихаттың төмендегі шешімдерінің күштері жойылды деп танылсын:
      «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 300, 311, 387 баптарының бұзылғаны үшін әкімшілік жауаптылық көзделетін ережелерін белгілеу туралы» 2004 жылғы 26 ақпандағы № 2 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 2627, 2004 жылғы 2 сәуірдегі «Ырғыз» газетінің № 10 санында жарияланған)
      «Ырғыз ауданы орталығы мен елді мекендерінде жеке тұлғалардың иттерді ұстау ережесін бекіту туралы» 2007 жылғы 16 наурыздағы № 4 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 3-5-50, 2007 жылғы 17 сәуірдегі «Ырғыз» газетінің № 16 санында жарияланған)
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат                     Аудандық мәслихат
      сессиясының төрайымы:                     хатшысы:

      А.Жалдыбаева                            М.Өтемұратов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады