Қарғалы ауданы мәслихатының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 98 "Қарғалы ауданы бойынша иттер мен мысықтарды ұстау Ережелерін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 2009 жылғы 22 шілдедегі N 156 шешімі. Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық Әділет басқармасында 2009 жылғы 02 қыркүйекте N 3-6-88 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 2010 жылғы 27 шілдедегі № 225 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 2010.07.27 № 225 шешімімен.

       РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасыңдағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Қарғалы аудандық мәслихатының Қарғалы аудандық әділет басқармасында 2009 жылғы 28 қаңтарында № 3-6-77 санымен тіркелген, 2009 жылғы 19 ақпандағы № 9, "Қарғалы" газетінде жарияланған 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 98 "Қарғалы ауданы бойынша иттер мен мысықтарды ұстау ережелерін бекіту туралы" шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      1) 2, 3 тараулар біріктіріліп: 2 тарау."Иттер мен мысықтарды ұстау" болып аталынсын; 2 тараудың бастапқы атауы: 2 тарау. "Иттер мен мысықтардың иелерінің құқықтары мен міндеттері" деген сөйлем алынып тасталынсын.

      2. Осы шешім алғаш ресми түрде жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.

      Аудандық мәслихат                Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы:              хатшысы:

         Ж. Көлжанов                     Ж. Құлманов

Қарғалымаудандық мәслихаттың
2008 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 98 шешімімен бекітілген
2009 жылғы 22 шілдедегі
№ 156 шешімімен
өзгерістер енгізілген

Қарғалы ауданының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды ұстау
ЕРЕЖЕСІ 1 тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже Қарғалы ауданы аумағында барлық заңды және жеке тұлғаларға әрекет етеді.
      2. Осы Ережеде келесі түсініктер қолданылады:
      1) ит – кез келген ит тектес жануарлар, көлеміне, түсіне және басқа да белгілеріне қарамастан;
      2) мысық - мысық тектес жануарлар, көлеміне, түсіне, және басқа да белгілеріне қарамастан;
      3) ит пен мысықтың иесі – жеке немесе заңды тұлғалар меншігінде ит пен мысығы бар немесе ит пен мысықты асыраушы, күтуші адам не болмаса иесінің келісіммен жалға алушы және осыған ұқсас әрекеттегі адам.
      3. Қоғамдық жерлерде (көшелерде, аулалық аумақтарда, саяжайларда және басқа да орындарда) иелері тарапынан байлаулы қалдырылғандардан басқа, ілеспе тұлғаларсыз жүрген иттер мен мысықтар қараусыз жүргендер болып саналады және қараусыз жүрген иттер мен мысықтарды аулайтын және олардың өлекселелерін жинайтын арнайы қызметтермен жинауға жатады.
      Қараусыз жүрген үй жануарларын аулау уақыты аулаумен айналысатын арнайы мекеменің және тұрғын үй–коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде тіркеу журналында жазылған жануардың нақты ұсталған уақыты болып саналады. Тіркеу журналында жануардың түрі, жынысы, түсі, ерекше белгілері және жануарға ұсталғаннан кейінгі қолданған іс-әрекеттер жазылады.

2 тарау. Иттер мен мысықтарды ұстау

      4. Тіркелген иттер мен мысықтар иесінің меншігі болып табылады және басқа да меншік ретінде заңмен қорғалады.
      5. Ит пен мысықтың иелері итін еркін серуендетуіне болады өзінің жеке үйінің ит шыға алмайтын жақсы қоршалған ауласында адамды немесе жануарларды қауып алу кауіпі болмаған жағдайда, осы аумақта иттің барлығы жөнінде кіреберісте 20х30 сантиметр көлеміндегі, иттің суреті бар "Ит күзетеді" ескерту қойылуы шарт.

      6. Ит пен мысық иелеріне қажет:

      1) ит пен мысықтың иелері оларды меншігіне алған күннен бастап екі жеті уақыттың ішінде Ауылшаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіп кешеніндегі аудандық аумақтық мемлекеттік инспекциясында тіркеуден өтуі керек.
      2) иттер мен мысықтарды ұстау, оларды көбейту ветеринарлық (ветеринарлық-санитарлық) ережеге және талаптарға сәйкес қамтамасыз етіледі.
      3) иттер мен мысықтардың адамды немесе жануарларды қауып алу, жарақаттау жағдайларында жедел түрде медициналық мекемелерге, Ауылшаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіп кешеніндегі аудандық аумақтық мемлекеттік инспекциясына шұғыл түрде хабарлау керек.
      4) ветеринариялық мекемелер мамандарының талаптары бойынша иттер мен мысықтарды бақылау үшін, диагностикалық зертеу және емдеу, алдын-алу шараларын жүргізу үшін бөгетсіз берілуі керек.
      5) иттердің иелері әрдайым иттің мойнына аты, түрі, иесінің мекен-жайы мен телефондары және иттің қандай ауырумен ауыратыны туралы мәлімет көрсетілген жетон бекітілген қарғыбау тағуы керек.
      6) ит пен мысықтың иелерінің олармен бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары болған жағдайда жануарларды жүйелі түрде ішек және тері паразиттеріне қарсы алдын-алу шараларын қолданып отыруы қажет.
      7. Иттер мен мысықтардың иелеріне тыйымдар салынады:
      1) иесі мас болған жағдайда және 14 жасқа толмаған болса итті ертіп жүруге және көпшілік жүретін орындарда серуендетуге, көлікте алып жүруіне тыйым салынады.
      2) иттер мен мысықтарды қоғамдық тамақтану орындарына, азық – түлік дүкендеріне, сауда жасау және өндірістік орындарына әкелуге;
      3) иттерді тұмылдырықсыз және мойын жіпсіз серуендетуге болмайды;
      4) құтыру ауыруына қарсы егілмеген иттерді серуендетуге болмайды.

3 тарау. Иттер мен мысықтарды қоғамдық көліктерде
тасымалдау.

      8. Иттер мен мысықтарды мынандай жағдайларда қоғамдық көліктерде тасымалдауға рұхсат етіледі:
      1) тасымалданатын ит қысқа мойын жіппен және тұмылдырықпен болуы қажет.
      2) тасымалданатын мысық аузы жабық корзинада немесе жәшікте болуы керек.

4 тарау. Қорытынды жағдайлар

      9. Ветеринарлық-санитарлық ережелер мен тәртіпті бұзғаны үшін жануар иесі Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Кодексінің 310-бабына сәйкес жауапкершілікке тартылады.
      10. Осы Ережені бұзғаны үшін жануар иесі Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" кодексінің311-бабына сәйкес жауапкершілікке тартылады.
      11. Үй жануарын қатаң ұстап, соның салдарынан өлтіргені, зақым келтіргені үшін жануар иесі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 276-бабына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады