Қызметі эпизодикалық сипаттағы жеке тұлғаларды қосқанда базаларда тауар сататындар үшін біржолғы талондар бағасын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатының 2009 жылғы 24 сәуірдегі № 87 шешімі. Ақтөбе облысының Қобда аудандық Әділет басқармасында 2009 жылдың 20 мамырда № 3-7-67 тіркелді. Қолданылу мерзімі аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатының 2013 жылғы 31 қаңтардағы № 5-05/11 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімі аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатының 31.01.2013 № 5-05/11 хатымен).

       2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" ҚР-сы Заңының 6 бабы 1 тармағының 15 тармақшасына және 2008 жылғы 10 желтоқсандағы N 99-IV "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы", "Қазақстан Республикасының Кодексін қолданысқа енгізу туралы" Заңының 36 бабының 6 тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Аудан көлеміндегі базарларда тауарлар сататындар үшін біржолғы талондардың бағасы N 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Қызметтері эпизодикалық сипаттағы жеке тұлғалар үшін бір жолғы талондардың бағасы N 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      3. Аудандық мәслихаттың 2005 жылғы 4 сәуірдегі "Біржолғы талон негізінде бюджетпен есеп айырысу тәртібі туралы" N 9, 2005 жылғы 6 қазандағы N 27, 2006 жылғы 28 наурыздағы N 52 және 2008 жылғы 28 наурыздағы N 33 шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы шешімінің орындалуын бақылау жасау Қобда ауданы бойынша салық басқармасы ММ-нің бастығы С. Айжариковқа жүктелсін.
      5. Осы шешім аудандық Әділет басқармасында тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат сессиясының                 Аудандық мәслихат
            төрағасы                            хатшысы

          Т. Нұржанов                        І. Қобланов

Аудандық мәслихаттың
сессиясындағы
2009 жылғы 24 сәуірдегі
N 87 шешіміне
N 1 қосымша

Базар алаңдарында тауарлар сататындар үшін біржолғы талондардың бағасы

Сауда түрі

Біржолғы талондардың бағасы (теңге)

Мерзімі

Сөрелерден тауар сату ішінде:
- азық түлік тауарлары
- өнеркәсіп тауарлары

 
 
100
140



 
1 күнге
1 күнге

Машиналардан тауар сату:
- азық түлік тауарлары
- өнеркәсіп тауарлары



 
500
500



 
1 күнге
1 күнге

Қолдан сату
- оның ішінде:
- өнеркәсіп тауарлары



40
80



1 күнге
1 күнге

Аудандық мәслихаттың
сессиясындағы
2009 жылғы 24 сәуірдегі
N 87 шешіміне
N 2 қосымша

Қызметі эпизодикалық сипаттағы жеке тұлғалар үшін біржолғы талондар бағасы

Қызмет түрлері

Біржолғы талондардың бағасы (теңге)

Мерзімі

Қолдан газет, журналдар сату

20

1 күнге

Тұқымдар және күшеттер сату

50

1 күнге

Жеке және жалға алынған трактор ақылы қызмет көрсету

300

1 күнге

Үй жануарларын бағу
- Аудан орталығында
- Ауылдық жерлерде
100 басқа дейін
100 бастан жоғары

100
 

30
70

1 күнге

Сыпырғыштар сату

50

1 күнге

Орман жемістерін сату

50

1 күнге

Балық сату

70

1 күнге

Саңырауқұлақтар теру

100

1 күнге

Жануарлармен құстарға жем-шөп сату

500

1 күнге

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады