2009 жылғы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Қобда ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 12 мамырдағы N 91 қаулысы. Ақтөбе облысының Қобда аудандық әділет басқармасында 2009 жылдың 19 маусымда N 3-7-70 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қобда аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 22 сәуірдегі N 99 қаулысымен

     Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қобда аудандық әкімдігінің 2010.04.22 N 99 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі "белгіленген әскери қызмет мерзімін әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір–маусым және қазан–желтоқсан айларында әскери қызметке шақыру туралы" N 779 Жарлығын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы "Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі  N 779 Жарлығын іске асыру туралы 17 сәуірдегі N 543 қаулысының, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" N 148 заңының 31, 37 баптарын, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" N 74 Заңының 19, 20 баптарын, 2006 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы" N 623 қаулысын басшылыққа ала отырып және Ақтөбе облысы әкімдігінің 2009 жылдың 27 сәуірдегі осы мәселе бойынша N 155 қаулысының талаптарын орындау мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қобда ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі (С. Жамантаев) 2009 жылғы сәуір–маусым және қазан–желтоқсан айларында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне және басқа әскери қызметке шақырылудан кейінгі қалдыруға немесе босатылуға құқы жоқ ер азаматтарды мерзімді қызметке шақыруды жүзеге асырсын.
      2. Аудандық шақыру комиссиясының қоса берілген құрамы бекітілсін. (N 1 қосымша).
      3. Ауылдық округ әкімдері шақыруды тиісті деңгейде ұйымдастырып, шақыру комиссиясының жұмысын қамтамасыз етсін, мерзімді әскери қызметке шақырылған азаматтарды ұйымшылдықпен аттандыру үшін қажетті шаралар алсын.
      4. Аудандық орталық ауруханасының бас дәрігеріне (А. Оразаев):
      1) аудандық медициналық комиссияны дәрі–дәрмектермен, құрал–саймандармен, медициналық мүліктермен қамтамасыз ету:
      2) аудандық әскерге шақыру қосының қажетті құрал жабдықтармен медициналық және шаруашылық мүліктермен қамтамасыз ету:
      3) шақыруды өткізуді бастар алдында Қобда ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің сұрау салуы бойынша стационарлық емдеудегі және диспансерлік есепте тұрған әскери міндеттілер мен әскергешақырушылар туралы мәліметтерді хабарлау ұсынылсын.
      5. Аудандық ішкі істер бөлімі (А. Қалдыбаев) (келісім бойынша): шақыру қосының жұмыс істеу кезеңіне полиция нарядын бөліп, шақырушылардың жиналған жерлерінде қоғамдық тәртіпті сақтау, мерзімді әскери қызметке шақырудан жалтарушы шақырушыларды іздеу және қорғаныс істер бөліміне жеткізу жөнінде шаралар алсын.
      6. "Қобда ауданының әділет басқармасы мемлекеттік мекемесіне (А. Досжанова) (келісім бойынша): Қобда аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне әскери міндеттілер мен әскерге шақырырлушылардың тегін, атын және әкесінің атын, туған күні мен туған жерін өзгерткені туралы, сондай–ақ әскери міндеттінің немесе әскерге шақырылушының қайтыс болғаны тіркелген жағдайлар туралы жеті күн мерзім ішінде хабарлау ұсынылсын.
      7. Қобда аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Я. Назаров) Қобда аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне әскерге шақырылушылардың мүгедек деп танылған барлық әскери міндеттілермен шақырылушылар туралы хабарласын.
      8. "Қобда ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі (С. Жамантаев) "2009 жылдың көктемгі, күзгі шақырудыңқорытындысы туралы" ақпаратты Қобда ауданы әкімі аппаратына 24 маусымда, 24 желтоқсанда ұсынсын.
      9. Аудан әкімі аппаратының бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі бастығы (Б. Құрманиязов) осы қаулыны қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткізу тапсырылсын.
      10. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және бұқаралық ақпарат құралдарында алғаш ресмижарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      11. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Б. Елеусиноваға жүктелсін.

      Аудан әкімі                         Л. Исмағамбетова

Аудан әкімдігінің
2009 жылғы "12" мамырдағы
N 91 қаулысына қосымша 1

Аудан шақыру комиссиясының
ҚҰРАМЫ

Жамантаев Серік Сағынғалиұлы        Қобда аудандық қорғаныс
                                    істері жөніндегі бөлім
                                    бастығы,
                                    комиссия төрағасы;

Мұхамедғалиев Есет Темірұлы         Қобда аудандық әкімі
                                    аппаратының төтенше
                                    жағадйлар жөніндегі
                                    бөлім бастығы,
                                    комиссия төрағасының
                                    орынбасары;

Шантасова Жанат Серікқалиқызы       Қобда аудандық орталық
                                    ауруханасының медбикесі,
                                    комиссия хатшысы;

Жакиев Жолдыбек Асылбекұлы          Қобда аудандық орталық
                                    ауруханасының дәрігері,
                                    комиссия мүшесі,
                                    медициналық комиссиясының
                                    төрағасы;

Қалдыбаев Айдынғали Жағыпарұлы      Қобда аудандық ішкі істер
                                    бөлімі бастығы комиссия
                                    мүшесі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады