Қобда ауылындағы Желтоқсан көшесінің атауын өзгерту туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Қобда ауданы Қобда ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 28 тамыздағы № 43 шешімі. Ақтөбе облысының Қобда аудандық әділет басқармасында 2009 жылдың 14 қазанда № 3-7-76 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына, 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4)-тармақшасына сәйкес, сондай-ақ Қобда елді мекенінің ауыл тұрғындары конференциясының 2009 жылғы 10 тамызындағы хаттамасын басшылыққа ала отырып ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – Ақтөбе облысы Қобда ауданы Қобда ауылдық округінің әкімінің 13.10.2016 № 215 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      1. Қобда ауылындағы көшелер тұрғындарының пікірін ескере отырып және сызба-картаға сәйкес төмендегі мазмұнда көше атауы берілсін:
      2. Желтоқсан көшесіне Иса және Ескендір Көпжасаровтар аты берілсін.
      3. Осы шешім аудандық әділет басқармасында тіркеліп алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
      Қобда ауыл округінің әкімі А.Жолдыбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады