2009 жылғы сәуір - маусым және қазан - желтоқсан айларында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруын ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының әкімдігінің 2009 жылғы 22 сәуірдегі N 129 қаулысы. Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 29 мамырда N 3-9-101 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының әкімдігінің 2010 жылғы 18 ақпандағы № 176 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының әкімдігінің 2010.02.18 № 176 қаулысымен.

       Қазақстан Республикасы 2005 жылғы 8 шілдедегі N 74 "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 19, 20 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республиксындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі N 779 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шақыру және Қазақстан Республикасы азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Жарлығын іске асыру туралы" қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Мұғалжар ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" ММ бастығы Д. Танкиев (келісім бойынша) 2009 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру күніне 18 жасқа толған, мерзімді әскери қызметке шақырылу мерзімін ұзартуға құқығы жоқ ер азаматтарды және шақырылудан кейінге қалдыру құқығынан айырылған ересек жастағы азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақырылуын жүзеге асырсын.
      2. 2009 жылғы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі комиссия құрамы қосымшаға сәйкес құрылсын.
      3. 1) Қандыағаш қаласының және оған жақын орналасқан ауылдық округтерінің азаматтарын мерзімді әскери қызметке шақыру үшін "Шақыру учаскесі" болып, Мұғалжар ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің ғимараты белгіленсін;
      2) Ембі, Жем қалаларының және оларға жақын орналасқан ауылдық округтерінің азаматтарын мерзімді әскери қызметке шақыру үшін "Шақыру учаскесі" болып Ембі қаласының N 10 Кәсіптік лицейінің ғимараты белгіленсін.
      4. "Мұғалжар аудандық емханасы" МКҚК бас дәрігері Ж. Төребаев (келісім бойынша) және "Ембі аудандық ауруханасы" МКҚК бас дәрігері З. Саркулова (келісім бойынша):
      1) шақыру учаскелеріндегі медициналық жұмыстарына басшылық ететін дәрігерлер–медициналық комиссияларының төрағаларын, әскери-дәрігерлік сараптама саласында қажетті білімі мен жұмыс тәжірибесі бар, неғұрлым білікті дәрігер-мамандардың шақыру жұмыстарына қатыстыруын қамтамасыз етсін;
      2) азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақырылғандарды флюрографияға түсуін және қан тобын анықтау үшін зерттеу зертханасынан өткізуін ұйымдастырсын.
      5. Білім беру ұйымдарының және меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдардың басшылары шақырылушыларды іс-сапарлардан (демалыстардан) шақырып алуды, оларды хабардар етуді ұйымдастырсын және шақыру учаскелеріне уақытылы келулерін қамтамасыз етсін.
      6. "Мұғалжар аудандық ішкі істер бөлімі" ММ бастығы Ж. Әліқұлов (келісім бойынша):
      1) азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру кезінде шақыру учаскелеріндегі және Мұғалжар аудандық емханасындағы, Ембі аудандық ауруханасындағы ғимараттарында қоғамдық тәртіптік сақталуын қамтамасыз етсін;
      2) шақырылушылардың Мұғалжар аудандық шақыру комиссияларына дәлелді себептерсіз келмеген, сондай-ақ азаматқа шақыру қағазын жеке өзіне беру мүмкін болмаған барлық жағдайларда Мұғалжар ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы хабарлаған кезде оларды іздестіру және келуін қамтамасыз етсін;
      3) Мұғалжар ауданы бойынша ауылдық округтерінің азаматтары мерзімді әскери қызметке шақырылған кезде шақыру учаскелеріне тиісті учаскелік полиция инспекторлары еріп жүруін қамтамасыз етсін.
      7. "Мұғалжар ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" ММ бастығы Д. Танкиев (келісім бойынша) шақыру комиссиясының жұмысы және азаматтарды Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарға шақыру аяқталғаннан кейін облыстық шақыру комиссиясына хабардар етсін:
      1) шілдеде–көктемгі шақырудың қорытындылары бойынша;
      2) қаңтарда–күзгі және тұтастай алғанда бір жылғы шақырылушылардың қорытындылары бойынша атқарған жұмыстары туралы есептерін тапсырсын.
      8. Осы қаулының орындалуын бақылау Мұғалжар ауданы әкімінің орынбасары Ж. Құрмашевқа жүктелсін.
      9. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа 10 күннен кейін енгізіледі.

      Аудан әкімі                        С. Шаңғұтов

Мұғалжар ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 22 сәуірдегі
N 129 қаулысына
ҚОСЫМША

2009 жылғы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі комиссия құрамы

Танкиев                        "Мұғалжар ауданы қорғаныс
Дастан Шынғысұлы               істері жөніндегі бөлімі" ММ
                               бастығы,
                               комиссия төрағасы
                               келісім бойынша);

Үсенбаев                       "Мұғалжар ауданы әкімі
Арман Ұзақбайұлы               аппаратының әскери жұмылдыру,
                               азаматтық қорғаныс және
                               төтенше жағдайлар жөніндегі"
                               бас маманы, комиссия
                               төрағасының орынбасары;

Бекова                         "Мұғалжар аудандық дене
Гүлзат Сахиқызы                тәрбиесі және спорт бөлімі" ММ
                               бас маманы, комиссия мүшесі;

Берекетова                     "Мұғалжар аудандық емханасы"
Фарида Төлегенқызы             мемлекеттік коммуналдық
                               қазыналық мекемесінің
                               жасөспірімдер медбикесі,
                               комиссия хатшысы (келісім
                               бойынша).

Комиссия мүшелері:

Елманов                        "Мұғалжар аудандық ішкі істер
Сансызбай Түгелбайұлы          бөлімі" ММ бастығының
                               орынбасары (келісім бойынша);

Баженов                        "Мұғалжар аудандық емханасы"
Серік Маукенұлы                мемлекеттік коммуналдық
                               қазыналық мекемесінің емхана
                               меңгерушісі, медициналық
                               комиссиясының төрағасы,
                               (келісім бойынша).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады