Саркөл селолық округінің Қопа елді мекенінің ірі қара мал басы арасынан пастереллез ауруы шығуына байланысты шектеу қою туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Темір аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 13 ақпандағы N 24 қаулысы. Ақтөбе облысының Темір аудандық Әділет басқармасында 2009 жылдың 2 наурызда N 3-10-100 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 29 сәуірдегі N 80 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 29 сәуірдегі N 80 қаулысымен
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі N 339 "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабына сәйкес және Темір аудандық аумақтық инспекциясының Бас мемлекеттік малдәрігер инспекторының ұсынуы бойынша аудан әкімдігі қаулы етеді:
      
      1. Саркөл селолық округінің Қопа елді мекеніне ірі қара малдарының арасында пастереллез ауруының тіркелуіне байланысты шектеу қойылсын.
      1) Саркөл селолық округінің малдәрігер инспекторы (А. Жалмағамбетов):пастереллез ауруына қарсы егу жұмыстарын ұйымдастырсын;
      
      2. Қопа елді мекеніндегі барлық мал басының қозғалысына және көлемді мал азығының тасымалына тиым салынатын болсын.
      
      3. Ауру ошағы деп танылған мал иелерінің қора жайына зарарсыздандыру жұмыстары жүргізіліп, залалсыздандыру өткелдері( дезбарьер)жасалсын.
      
      4. Малдары пастереллез ауруына шалдыққан мал иелерінің жанұясына толық санитарлық, гигиеналық талаптар ескертіліп, жеке бас тазалығы қамтамасыз етілсін.
     
      5. Аудандық ішкі істер бөліміне (А. Дәулетов) шектеу қойылған елді мекенге малдәрігерлік құжатсыз мал басының кіріп шығу қозғалысына бақылау жасалуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
      
      6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімініңорынбасары Р.Сатанова мен Темір аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік малдәрігер инспекторы Р. Бектлеуовке жүктелсін.
      
      7. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      
      Аудан әкімі           М.Серікбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады