Талдықорған қаласының 1 бөлімшесінде орналасқан, "Бірлік" шаруа қожалығының аумағында карантиндік режимді және шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантиндік аймақтың ветеринариялық режимін белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 25 мамырдағы N 13-326 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаменті Талдықорған қаласының әділет басқармасында 2009 жылы 19 маусымда N 2-1-101 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 12 тамыздағы N 18-539 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 12.08.2009 N 18-539 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 18 тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-бабы 2-тармағының 9 тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылдың 28 сәуірдегі "Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық кесімдерді бекіту туралы" N 407 Қаулысына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 5 қарашадағы "Адам және жануарлар үшін ортақ (бруцеллез) аурулардың алдын - алу және күресу жөніндегі ветеринариялық - санитарлық және санитарлық – эпидемиологиялық ережені бекіту туралы" N 632 бұйрығына сәйкес Талдықорған қаласының бас мемлекеттік ветеринарлық инспекторы К. Шөмшековтың 2009 жылғы 20 мамырдағы N 258-9 ұсынысы негізінде, Талдықорған қаласы, 1-бөлімше "Бірлік" шаруа қожалығында қой және ешкілердің бруцеллез ауруының індет ошағы айқындалуына байланысты қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. "Талдықорған қаласының 1 бөлімшесінде орналасқан "Бірлік" шаруа қожалығында қой - ешкі малдарынан бруцеллез ауруының тіркелуіне байланысты карантиндік режим және шектеу іс - шаралары енгізіліп, карантиндік аймақтың ветеринариялық режимі белгіленсін.
       2. "Талдықорған қаласының ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Қ.Исаева) және Талдықорған қаласының бас ветеринариялық инспекторы (К.Шөмшеков) (келісім бойынша) "Бірлік" шаруа қожалығының аумағында қой және ешкілердің бруцеллез ауруының таралу ошағын оқшалау және жою жөніндегі ұйымдастыру іс-шаралар жүргізсін.
       3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің бірінші орынбасары Т.Қайнарбековке жүктелсін.
       4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                                 С. Жылқайдаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады