Талдықорған қаласы шағын аудандарының аттарын өзгерту туралы

Жаңа

Алматы облысы Талдықорған қалалық мәслихатының 2009 жылғы 26 қарашадағы N 152 шешімі және Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 26 қарашадағы N 27-873 қаулысы. Алматы облысының әділет департаменті Талдықорған қаласының әділет басқармасында 2009 жылы 25 желтоқсанда N 2-1-109 тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 4-тармақшасына, 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 13-бабының 4) және 5) тармақшаларына сәйкес тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Талдықорған қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Талдықорған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
       1. Талдықорған қаласы шағын аудандарының аттары өзгертілсін:
      "Молодежный" шағын ауданы - "Жастар" шағын ауданына;
      "Юбилейный" шағын ауданы - "Мүшелтой" шағын ауданына.
       2. "Талдықорған қаласының тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі (М. Қалиев) көшелерді атауы және оларды қайта атау жөніндегі жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етсін.
       3. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары М.Көлбаевқа және қалалық мәслихаттың жастармен жұмыс, халықтың денсаулығын қорғау, білім және мәдениет жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (Ғ. Әбішева).
       4. Осы бірлескен қаулы мен шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                                 С. Жылқайдаров

      Кезектен тыс 19 сессияның
      төрағасы,
      қалалық хатшысы                            М. Бопазов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады