Қапшағай өңірінің ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік білім беру ұйымының педагогикалық мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Қапшағай қалалық мәслихатының 2009 жылғы 05 қазандағы N 165-30 шешімі. Алматы облысы Қапшағай қаласының Әділет басқармасында 2009 жылдың 28 қазанында N 2-2-92 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты шешімнің күші жойылды - Алматы облысы Қапшағай қалалық мәслихатының 2013 жылғы 15 мамырдағы N 16-83 шешімімен

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты шешімнің күші жойылды - Алматы облысы Қапшағай қалалық мәслихатының 15.05.2013  N 16-83 шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
       Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18 бабының 5 тармағына және Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 53 бабының 2 тармағының 2) тармақшасына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
       1. Қапшағай өңірінің ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік білім беру ұйымының педагогикалық мамандарына бюджет қаражаты есебінен отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде төленсін.
       2. «Қапшағай қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі әлеуметтік көмектің қаржыландырылуын қамтамасыз етсін.
       3. «Қапшағай қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі әлеуметтік көмекті есептеу  және төлеу жұмыстарын жүзеге асырсын.
       4. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың азаматтардың құқығын қорғау, құқықтық тәртіпті және заңдылықты  сақтау, мәдениет, білім, денсаулық жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
       5. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он   күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       Андаржанова М.

      Қалалық мәслихаттың
      хатшысы                                    Ахметтаев Қ.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады