1993 жылы туылған Текелі қаласы азаматтарын Ескелді аудандық қорғаныс істер бөлімінің учаскесінде тізімге алуды қамтамасыз етуді ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Текелі қаласы әкімінің 2009 жылғы 25 желтоқсандағы N 5 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Текелі қаласының әділет басқармасында 2010 жылы 26 қаңтарда N 2-3-73 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысының Текелі қаласы әкімінің 2010 жылғы 20 желтоқсандағы N 7 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысының Текелі қаласы әкімінің 2010.12.20 N 7 Шешімімен

       Қазақстан Республикасының "Әскери міндеті мен әскери қызметі" туралы Заңының 3-тармағының 17-бабының, 13-тармақшаның) 1-тармағының 33-бабындағы Қазақстан Республикасының "Өзін өзі басқарудың және жергілікті мемлекеттің басқару" Заңының, "Қазақстан Республикасы әскери міндет және әскерге шақырылғандардың әскери есебін жүргізу тәртібі туралы" N 371 2006 жылдың 05 мамырдағы қаулысын басшылыққа алып Текелі қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. 2010 жылдың қаңтар - наурыз айлары аралығында 1993 жылы туылған Текелі қаласының азаматтарын Ескелді аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне, Ескелді ауданының қорғаныс істер бөлімі арқылы тізімге алынсын.
      2. Ескелді аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімі (А.У.Қанағатов) шақырылушылардың әскери тіркеуінің жағдайы туралы Текелі қаласының әкіміне хабарлауы тиіс.
      3. Текелі қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 05 қаңтардағы N 3 "2009 жылдың қаңтар - наурыз айларында 1992 жылы туылған азаматтарды шақыру учаскесінде тізімге алу және жастарды жедел әскери қызметке шақыруға дайындау туралы" шешімнің, нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылдың 20 қаңтарында N 2-3-56 нөмірімен тіркелген, 2009 жылдың 23 қаңтарындағы қалалық "Текелийский рабочий" газетінің N 4 (2902) санында жарияланған шешімнің күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау әкімнің орынбасары Гулмира Баяхметқызы Маупашеваға жүктелсін.
      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Текелі қаласының әкімі                     С. Бескемпіров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады