1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің материалдық-тұрмыстық және әлеуметтік жағдайларын жақсарту жөніндегі қосымша шаралар туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 26 қаңтардағы N 35 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаменті Жамбыл ауданының Әділет басқармасында 2009 жылдың 23 ақпанында N 2-7-69 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 22 ақпандағы N 84 қаулысымен

      Күші жойылды - Алматы облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 22 ақпандағы N 84 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 20-бабына сәйкес Жамбыл ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      
      1. 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің материалдық-тұрмыстық және әлеуметтік жағдайларын жақсарту жөніндегі қосымша шаралар төмендегідей белгіленсін:
      1) Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер бойынша (жылу, газ, электр қуаты) қосымша жеңілдіктер 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің (бұдан әрі – қатысушылар мен мүгедектерге) барлығына беріледі.
      2) Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер бойынша қосымша жеңілдіктер жылумен, суық сумен, газбен, электр қуатымен жабдықтау, қоқыс шығару сияқты тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерге белгіленген нормалар шегінде (есеп бойынша: электр қуаты – 45кВт (1кВт құны – 8 теңге 84 тиын), айына 1 газ баллонның құны – 1400 теңге, суық су жеке меншік үйлерде – 136 теңге 82 тиын, көпқабатты үйлерде – 218 теңге 90 тиын, канализация – 157 теңге 31 тиын, көпқабатты үйлерде қоқыс шығару үшін – 60 теңге, жеке меншік үйлерде 2 тонна көмірдің құны – 15500 теңге мөлшерінде жылына 1 рет) қатысушы немесе мүгедек тұрғын үйдің не болмаса пәтердің иесі, не болмаса олардың жалдаушы болуына қарамастан төленеді.
      3) Қатысушылар мен мүгедектердің тізімін құрастыруды және бекітуді аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жүзеге асырады.
      4) Тұрғын үй - коммуналдық қызметтер бойынша қосымша жеңілдіктер алу үшін қатысушы немесе мүгедек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне қосымша жеңілдіктер бойынша жеке куәлігінің көшірмесі, 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына қатысқан немесе мүгедектігі туралы куәлігі, тұрғылықты жерінен анықтама тапсырылады.
      5) Қатысушылар мен мүгедектерге тұрғын үй-коммуналдық қызметіне арналған қосымша жеңілдіктеріне өтініш берген айдың бірінші жұлдызынан бастап тағайындалады.
      6) Қатысушылар мен мүгедектерге тағайындалған соманы жеке шоттарына аударуды «Қазпошта» акционерлік қоғамының Алматы облыстық филиалының Жамбыл аудандық пошта байланыс торабы және Қазақстан Халық Банкі акционерлік қоғамының № 310900 Жамбыл аудандық филиалы жүзеге асырады.
      
      2. Осы қаулының орындалуы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы Жақсылық Сұлтанұлы Қарымбаевқа, аудандық қаржы бөлімінің бастығы Дулат Мұратұлы Сансызбаевқа жүктелсін.
      
      3. Жамбыл ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 20 ақпандағы № 43 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылы 26 наурызда тіркелген, тіркеу № 2-7-58, 2008 жылғы 26 наурыздағы №15(5383) «Атамекен» газетінде ресми жарияланған) «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің материалдық-тұрмыстық және әлеуметтік жағдайларын жақсарту жөніндегі қосымша шаралар туралы» қаулысы күші жойылды деп танылсын.
      
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Жандарбек Ермекұлы Далабаевқа жүктелсін.
      
      5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.      
      

      Аудан әкімі                                Л.Тұрлашов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады