Салық төлеушілер үшін 2009 жылға арналған бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Іле аудандық мәслихатының 2009 жылғы 5 қаңтардағы N 17-58 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Іле ауданының әділет басқармасында 2009 жылы 2 ақпанда N 2-10-85 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Іле аудандық мәслихатының 2009 жылғы 23 желтоқсандағы N 28-101 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Іле аудандық мәслихатының 2009.12.23 N 28-101 Шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 422-бабына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15-тармақшасына сәйкес, Іле аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
       1. Қоса беріліп отырған Қызметін бір әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін 2009 жылға арналған бірыңғай тіркелген салық ставкалары белгіленсін.
       2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау бюджет, әлеуметтік экономикалық даму, көлік, құрылыс, байланыс, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Карпов Д.П.) тапсырылсын.
       3. Осы шешім ресми басылымда жарияланғаннан кейін он күндік мерзім өткен соң, 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы                            Ә. Түстікбаева

      Аудандық мәслихат хатшысы                  Ф. Ыдрышева

Іле аудандық мәслихатының
2009 жылғы 5 қаңтардағы
17 58 шешімімен
бекітілген

Қызметін бір әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жүзеге
асыратын барлық салық төлеушілер үшін 2009 жылға арналған
бірыңғай тіркелген салық ставкасының 1 айлық мөлшері

Рет
N

Салық салу объектісінің атауы

Бірыңғай тіркелген салықтың
базалық ставкаларының мөлшері
(айлық есептік көрсеткіш
бойынша-1273 теңге)

1

Бір ойыншымен ойын өткізуге
арналған, ұтыссыз ойын автоматы

6

2

Біреуден артық ойыншылардың
қатысуымен ойын өткізуге
арналған ұтыссыз ойын автоматы

10

3

Ойын өткізу үшін пайдаланатын
дербес компьютер

2

4

Ойын жолы (боулинг)

25

5

Карт

6

6

Бильярд үстелі

10

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады