"Iле ауданы бойынша әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушiлердi iрiктеу тәртiбi туралы"

Күшін жойған

Алматы облысы Іле ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 12-2173 қаулысы. Алматы облысы Іле ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 21 қаңтарда № 2-10-108 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Іле ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 11-2306 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Іле ауданы әкімдігінің 31.12.2013 № 11-2306 қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5 бабының 2 тармағын, 7 бабының 5-4) тармақшасын18-1 бабын iске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 13)-шi тармақшасына сәйкес аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынған жұмыс берушiлердi iрiктеу Тәртiбi қосымшаға сәйкес айқындалсын.
      2. Жұмыс берушiлермен әлеуметтiк жұмыс орындарын құру туралы келiсiм-шарттарды жасау «Iле аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» Мемлекеттiк Мекемесiне уәкiлеттi етiлсiн.
      3. Iле аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi Мемлекеттiк Мекемесi (Құматаев Нұрлан Орынбасарұлы):
      1) жұмыссыздар есебiнде тұратын халықтың нысаналы топтарына жататын жұмыссыздарды әлеуметтiк жұмыс орындарына жiберсiн;
      2) жұмыс берушiлердiң әлеуметтiк жұмыс орнындағы жұмыссыздардың еңбек ақы шығынының бөлiгiне ауданның қаржы жоспарында көрсетiлген шегiнде өтемақы төлесiн.
      4. Аудандық қаржы бөлімі (Дуйшенбаева Ляззат Балиқанқызы) әлеуметтік жұмыс орындарындағы жұмыссыз азаматтарға төленетiн қаржының уақтылы бөлiнуiн қамтамасыз ету тапсырылсын.
      5. Iле ауданы әкiмдiгiнiң 2009 жылғы 22 сәуірдегі «2009 жылы Iле ауданы бойынша әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы» № 4-672-шi қаулысы 2009 жылы 21 мамырда Нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеудiң тiзiмiне № 2-10-93 болып енгiзiлген, 2009 жылы 29 мамырда «Iле таңы» газетiнiң № 26 санында жарияланған, орындалуына байланысты күшiн жойсын.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Файль Виктор Александровичке жүктелсiн.
      7. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн мерзiм өткен соң қолданысқа енгiзiлсiн.

      Аудан Әкiмi                                Логутов Н.

Iле ауданы әкiмдiгiнiң  
2009 жылғы «29» желтоқсандағы
№ 12-2173 «Iле ауданы бойынша
әлеуметтiк жұмыс орындарын 
ұйымдастыру туралы” қаулысына
қосымша          

Әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыруды
ұсынған жұмыс берушiлердi iрiктеу
ТӘРТIБI

      1. Әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынған жұмыс берушiлердi iрiктеу төмендегi өлшемдер арқылы iске асырылады:
      1) әлеуметтiк жұмыс орындары халықтың нысаналы топтарына жататын жұмыссыздарға, еңбек нарығындағы жағдайға қарай нысаналы топтардың қосымша тiзбесiне жататын жұмыссыздарға арнайы арналған болуы тиiс;
      2) әлеуметтiк жұмыс орындары уақытша жұмыс орны болып табылады, оларды ұйымдастыру үшiн тұрақты және бос жұмыс орындары қолданылмайды;
      3) жұмыс берушiлердiң жұмысты икемдi кесте арқылы және жартылай жұмыс күнiн белгiлеп ұйымдастыруына мүмкiндiгi бар;
      4) әлеуметтiк жұмыс орындары- экономикалық және әлеуметтiк пайдалы болуы қажет.
      2. Әлеуметтiк жұмыс орнын құрғысы келетiн жұмыс берушiлер аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiмен шарт жасағанда келiсушi жақтардың мiндеттерi, жұмыс түрлерi, көлемi, еңбек ақының мөлшерi мен жағдайы, әлеуметтiк жұмыс орнының мерзiмi мен қаржыландыру көзi көрсетiледi.
      3. Жұмыс берушiлердiң әлеуметтiк жұмыс орындарындағы жұмыссыздардың еңбек ақы шығындары бөлiгiнiң өтемақысы аудан бюджетiнде қаралған қаржы шегiнде әр жұмыссызға республика бойынша бекiтiлетiн төменгi еңбекақы мөлшерiнде жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады