Қарасай ауданы аумағында бекітілген базалық ставкалар шегінде бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Қарасай аудандық мәслихатының 2009 жылғы 19 қазандағы N 32-8 шешімі. Алматы облысы Қарасай ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 9 қарашада N 2-11-75 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Қарасай аудандық мәслихатының 2009 жылғы 22 желтоқсандағы N 36-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Қарасай аудандық мәслихатының 2009 жылғы 22 желтоқсандағы N 36-3 шешімімен.
      
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)» Кодексінің 422-ші бабының 2 тармағына сәйкес Қарасай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қарасай ауданы аумағында бекітілген базалық ставкалар шегінде бірыңғай тіркелген салық ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың кезекті
      сессиясының төрағасы                       В.Маслацов

      Аудандық мәслихаттың
      Хатшысы                                    М.Ахметов

Қарасай аудандық мәслихатының   
2009 жылғы 19 қазандағы № 32-8  
„Қарасай ауданы аумағында бекітілген
базалық ставкалар шегінде бірыңғай
тіркелген салық ставкаларын белгілеу
туралы” шешіміне қосымша      
 

Салық салу объектісінің атауы

Бір объектіге төленетін салық ставкаларының мөлшері (айлық есептік көрсеткіште)

1

2

3

1

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматтары

6

2

Бірден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматтары

10

3

Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер

2

4

Ойын жолы

25

5

Қарта

4

6

Бильярд үстелі

10

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады