Панфилов ауданы аумағындағы бірыңғай тіркелген салық ставкаларының мөлшерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Панфилов аудандық мәслихатының 2009 жылғы 4 ақпандағы N 4-15-100 шешімі. Алматы облысы әділет департаменті Панфилов ауданының әділет басқармасында 2009 жылы 4 ақпанда тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Панфилов аудандық мәслихатының 2009 жылғы 27 наурыздағы № 4-17-112 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Панфилов аудандық мәслихатының 27.03.2009 № 4-17-112 шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” Кодексінің 422-бабының 2-тармағына сәйкес Панфилов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
       1. Панфилов ауданы аумағындағы бірыңғай тіркелген салық ставкалары мөлшері қоса беріліп отырған қосымшаға сәйкес белгіленсін.
       2. Осы шешімнің орындалуын қадағалау Панфилов ауданы бойынша салық басқармасы бастығы Т. Керімбековке тапсырылсын.
       3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаты
      сессиясының төрағасы                       М. Оңласынов

      Аудандық мәслихат
      хатшысы                                    Т. Оспанов

Панфилов аудандық мәслихатының
2009 жылғы 4 ақпандағы
"Панфилов ауданы аумағындағы
бірыңғай тіркелген салық
ставкаларының мөлшерін белгілеу
туралы" N 4-15-100 шешіміне
қосымша

Рет саны

Салық салу объектісінің атауы

Тіркелген салықтың базалық ставкаларының ең төменгі
мөлшері
(айлық есептік көрсеткіш)

1

2

3

1

Бір ойыншымен ойын
өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы.

12

2

Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы.

18

3

Ойын өткізу үшін пайдаланатын дербес компьютер

4

4

Ойын жолы

45

5

Карт

12

6

Бильярд үстелі

10

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады