Қазақстан Республикасының 1982-1991 жылдары туылған азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Сарқан ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 13 сәуірдегі N 108 қаулысы. Алматы облысының әділет департаменті Сарқан ауданының әділет басқармасында 2009 жылы 27 сәуірде N 2-17-73 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Сарқан ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 18 қаңтардағы N 2 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Сарқан ауданы әкімдігінің 18.01.2010 N 2 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 1920 баптарына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 8) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" 779 Жарлығына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. 1982-1991 жылдары туылған азаматтар 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақырылсын.
       2. Аудандық шақыру комиссияның төмендегі құрамы құрылсын:

Құмарғалиев Руслан
Шораұлы

-

"Сарқан ауданының қорғаныс істер
жөніндегі бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы, комиссия
төрағасы (келісім бойынша);

Бақтыбаев Есболат Шаймұратұлы

-

"Сарқан ауданы әкімінің аппараты"
мемлекеттік мекемесі жалпы
бөлімінің бас маманы, төраға
орынбасары;

Тажиев Қанат Арынұлы

-

Сарқан аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары – комиссия мүшесі (келісім бойынша);

Шығаубаев
Алтай Қанийұлы

-

"Сарқан ауданының орталық
ауруханасы" мемлекеттік қазыналық
кәсіпорнының дәрігер - хирургі,
комиссия мүшесі (келісім бойынша);

Іргебаева
Әсель Нұртілеуқызы

-

"Сарқан ауданының орталық
ауруханасы" мемлекеттік қазыналық
кәсіпорнының медбикесі-
комиссияның хатшысы (келісім
бойынша).

      3."Сарқан ауданының орталық аудандық ауруханасы" мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына (М.Долаева) келесі талаптарды орындау ұсынылсын:
      1) шақыру басталғанша әскерге шақырылушыларды әскери құжатқа белгі соғу үшін қан тобы және резусының анықтамасымен, қан, зәр тексерулерімен, кеуде куысының суретімен, иммундық тапшылық вирусын тексеру анықтамасымен қамтамасыз етсін;
      2) шақыру аяқталғанша әскерге шақырылушылар емделінсін, осы мерзімге дейін амбулаторлық емделуде болғандардың жеке карталарын (Ф-025-У) қорғаныс істер жөніндегі бөлімге егілудің алынған түрлерін көрсетіп, жүйке ауруына, туберкулезге, тері-венерологиялық ауруларға, жұқпалы ауруларға, нашақорлыққа шалдыққандардың тізімін тапсырсын.
       4."Сарқан аудандық қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Э.Иманғалиева) әскери қызметке шақыру жөніндегі іс-шараларды қаржыландыруды жүргізсін.
       5. Сарқан аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы М.Жексінбаев:
      1) әскерге шақырылушылар мен шығарып салушылар арасында тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету үшін кезекшілік ұйымдастыру ұсынылсын;
      2) әскери қызметтен бас тартқандарды іздестіру үшін аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері жұмылдырылсын.
       6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ғ.Маманбаевқа жүктелсін.
       7.Осы қаулы баспасөзде алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                С. Бекішов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады