Қазақстан Республикасының 1982-1991 жылдары туылған азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

Жаңа

Талғар аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 26 мамырдағы № 05-292 қаулысы. Алматы облысы Талғар ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 2 маусымда № 2-18-84 тіркелді.

      Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 23 бабына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» № 779 Жарлығын жүзеге асыру мақсатында және «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-ші бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Аудандық шақыру комиссиясының жұмысы Талғар қаласы, Павлова көшесі 22/а үйде ұйымдастырылсын.

      2. Аудандық шақыру комиссиясының құрамы құрылсын:

      Азноварян Владимир Сумбатович    комиссия төрағасы «Талғар
                                       қалалық Біріккен қорғаныс
                                       істері жөніндегі бөлім»
                                       Мемлекеттік мекеме бастығы;

      Сарбасов Амангелді Сұлтанбекұлы  төраға орынбасары Талғар
                                       аудандық әкім аппараты жалпы
                                       бөлімінің жетекші маманы.

Комиссия мүшелері:

      Сағынбеков Мұрат Нүсіпақынұлы    аудандық ішкі істер бастығының
                                       әкімшілік қызметі жөніндегі
                                       орынбасары;

      Крабаева Қалжан Абылайқызы       дәрігер, медициналық комиссия
                                       төрайымы;

      Хамраева Раногуль Абдрашитовна   комиссия хатшысы.

      3. Аудандық комиссиясы өзінің тәжірибелік жұмысында қатаң түрде Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының талаптарын қолданып отырсын.

      4. Аудандық әскери қызметке шақыру комиссия мүшелерінің ауырып қалған жағдайда немесе басқа себептермен келмей қалған уақытта қосалқы құрам құрылсын:

      Оспанов Асқар Советханұлы        шақыру комиссиясының төрағасы,
                                       «Талғар қалалық Біріккен
                                       қорғаныс істері жөніндегі
                                       бөлім» Мемлекеттік мекеме
                                       бастығының орынбасары;

      Мықтыбаева Сәуле Нәбиоллақызы    шақыру комиссиясы төрағасының
                                       орынбасары, Талғар аудандық
                                       әкім аппараты жалпы бөлімінің
                                       бас маманы.

Комиссия мүшелері:

 
      Қойшибаев Ілияс Абдыұлы          аудандық ішкі істер басқармасы
                                       бастығының жедел іздестіру
                                       жұмысы жөніндегі орынбасары;

      Исабаев Қайрат Каримұлы          дәрігер, медициналық
                                       комиссиясының төрағасы.

      5. «Талғар қалалық Біріккен қорғаныс істері бөлім» Мемлекеттік мекемесіне азаматтарды шақыру комиссиясына 2009 жылдың 3 сәуір және 1 қазанынан шақыру жүктелсін.

      6. Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңына сәйкес Талғар қаласы Мемлекеттік қазыналық денсаулық сақтау мекемесінің «Талғар аудандық орталық ауруханасына» жүктелсін (Садыков Нұрлан Нұрмырзаұлы):
      1) Аудандық шақыру комиссиясының қарамағына қажетті құрамда шақырушыларды медициналық куәландіру үшін тәжірибелі дәрігер мамандар және орта медицина қызметкерлерін бөлуді қамтамасыз етсін (1 Қосымша);
      2) Аудандық шақыру комиссиясының жолдамасымен жіберілген шақырушылардың денсаулығын қосымша медициналық куәландіруден өткізу үшін, аудандағы стационарлық емдеу мекемелерін қосымша төсектермен қамтамасыз етсін;
      3) Аудандағы емдеу мекемелерінде барлық шақырушылардың анализдерінің өткізілуі «Талғар қалалық Біріккен қорғаныс істері бөлім» Мемлекеттік мекемесінің жоспары және есебіне сәйкес қамтамасыз етілсін;
      4) Шақыру мерзімінде шақырушылардың ішінде тісі ауратындарды емдеуді қамтамасыз етсін;
      5) «Талғар қалалық Біріккен қорғаныс істері бөлім» Мемлекеттік мекемесінің сұранысы бойынша шақыру комиссиясын қажетті құрал жабдықтармен, медициналық және шаруашылық заттармен қамтамасыз етсін. Шақырушылардың әскери қызметке жарамдылығын анықтау және тексеру үшін ренгенпленкалар қоры болсын;
      6) Әскери қызметке шақыру мерзімі өткеннен кейін және «Мемлекеттік мекеме ұсынысымен емделуді қажет ететін әскерге шақырушылардың тізіміне сәйкес, азаматтарды келесі шақыру мерзіміне дейін емдеу мекемелеріне бекіту және емделуін қамтамасыз ету.

      7. Кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар, оқу орындары, ауыл шаруашылық ұжымдары, жекеменшік мекемелердің басшыларына, меншік түріне және бағыншылығына қарамастан, міндеттелсін:
      1) Аудандық шақыру комиссиясына шақырушылардың «Талғар қалалық Біріккен қорғаныс істері бөлім» Мемлекеттік мекемесіне келуін қамтамасыз етсін, іссапарда және кезекті демалыста жүрген барлық шақырушыларды кері шақыру міндеттелсін;
      2) «Талғар қалалық Біріккен қорғаныс істері бөлім» Мемлекеттік мекемесі әскери бөлімге жіберу үшін шақыру қағазы бойынша жеті күнге дейінгі мерзімде әскер қатарына шақырылған азаматтармен толық есеп айырыссын;
      3) Техникалық қызметкерлер, машинистер, қызмет көрсетуші және жанар маймен қамтамасыз етілген автокөлік «Талғар қалалық Біріккен қорғаныс істері бөлім» Мемлекеттік мекемесі қарамағына кестеге сәйкес шақыру орнына бөлінсін (2 Қосымша).

      8. Қалалық және ауылдық округтерінің әкімдері Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңына сәйкес, шақырылуға тиісті шақырылушыларға шақыру құжатын өз қолына тапсырылуы және олардың шақыру комиссиясына «Талғар қалалық Біріккен қорғаныс істері бөлім» Мемлекеттік мекемесі белгіленген күнге қамтамасыз ету міндеттелсін.

      9. Мемлекеттік мекеме «Аудандық білім бөліміне» (Абдыхалықова Клара Төлешқызы) аудандық, «Талғар қалалық Біріккен қорғаныс істер бөлім» Мемлекеттік мекемесімен (Азноварян Владимир Сумбатович) бірге шақырушыларды Қарулы Күштер қатарына шығарып салуды салтанатты түрде өткізуді ұйымдастыру жүктелсін.

      10. «Талғар қалалық Біріккен қорғаныс істер бөлім» Мемлекеттік мекемесінің бастығы (Азноварян Владимир Сумбатович) шақыруға міндет алғаннан кейін шақырушыларды Алматы қаласының жиналу орнына дейін тасымалдау үшін, автокөлік иесімен келісім шарт жасасын. Тасымалдау ақысы аудандық қаржы есебінен төленсін.

      11. Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңына сәйкес Талғар аудандық ішкі істер басқармасына (Таймерденов Қанат Даниярұлы) міндеттелсін:
      1) «Талғар қалалық Біріккен қорғаныс істері бөлім» Мемлекеттік мекемесіне, бұрын сотталған, қылмысын өтеп жүрген сот және тергеу қарамағында қоғамдық тәртіп бұзушы және басқа қылмыстары бойынша жүрген шақырушылар туралы ақпарат берсін;
      2) Әскери шақыру орнында шақыру және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштер қатарына шақырылғандарды жөнелту кезінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етілсін: 3) Әскери міндетін өтеуден жалтарған азаматтарды іздеу үшін, шақырылушыларды іздеу тобын аймақтың инспекторлар қатарынан құрылсын.

      12. Қаулының орындалуын қадағалау әкім орынбасары Б. Абдулдаевқа жүктелсін.

      13. Аталған қаулы жергілікті ақпарат құралдарында жарияланған күннен кейін он күн мерзім өткеннен бастап қолданысқа енгізілсін.
 
 
 

      Талғар ауданының
      әкімі                              Т. Өмірәлиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады