Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында кезекті мерзімді әскери қызметке шақырылуын жүргізуді ұйымдастырып, қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Ұйғыр ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 9 сәуірдегі N 9-128 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаменті Ұйғыр ауданының Әділет басқармасында 2009 жылы 14 мамырда N 2-19-77 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Ұйғыр ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 25 қаңтардағы N 02-50 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Ұйғыр ауданы әкімдігінің 2010.01.25 N 02-50 Қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 31-ші бабына, Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Президентінің 3 сәуір 2009 жылғы "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында мен қазан–желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Жарлығына сәйкес, Ұйғыр ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. Шонжы селосы, Арзиев көшесі, N 61 үй мекен-жайындағы шақыру пунктінде Ұйғыр аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі арқылы он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтарды, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтардың кезекті мерзімді әскери қызметке шақырылуын жүргізу 2009 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан аралығында ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
       2. Ауылдық округ әкімдері:
      1) аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің кестесіне сәйкес Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарына шақыру туралы дер кезінде хабардар етсін.
      2) шақырылушыларды аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге өз уақытында ұйымдастырып жеткізу жұмыстарын жүргізсін;
      3) аудандық шақыру комиссиясына шақырылғандардың барлық қажетті құжаттарымен өз уақытында ұйымшылдықпен келулерін қамтамасыз етсін;
      4) шақырылғандарды салтанатты түрде әскерге шығарып салу рәсімін өткізіп, барлық жерде тәртіп сақтау керектігі түсіндірілсін.
       3. "Ұйғыр ауданының орталық ауруханасы" мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері Мамбеталиев Ақжолтай Тұрдалыұлына (келісім бойынша):
      1) шақыру пунктін қажетті медициналық жабдықтармен, мүліктермен қамтамасыз ету мен аудандық шақыру комиссиясының қарамағына дәрігерлерді және қажетті орта медициналық қызметшілерді бөлу ұсынылсын;
      2) науқас шақырылушылардың стационарлық және амбулаториялық тексеруін қамтамасыз ету, ол үшін аудандық ауруханада осы мақсатта кем дегенде 5 төсек бөліп, қысқа мерзім ішінде тексерудің қорытындысын белгіленген үлгі бойынша толтырып, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарында қызмет етуге жарамдылығы туралы қорытынды шешім қабылдау үшін құжаттарын аудандық шақыру комиссиясына тапсыру ұсынылсын;
      3) шақыру басталғанға дейін емделуді қажет ететін шақырылушылардың сауықтырылуы аяқталып, 1982-1991 жылдары туылған барлық шақырылушылардың ф-25-5 үлгісіндегі амбулаториялық картасымен ф-25-4 үлгісіндегі қосымшасы және трахома, туберкулез, ақыл-ес және тері-венерологиялық ауруларының есебінде тұрған шақырылушылардың тізімдерімен таныстыру ұсынылсын;
      4) шақыруға жататын азаматтардың кеуде қуысы органдарын флюрографиялық қондырғы мен оған қажетті пленкаларды даярлау, аудандық шақыру пунктінде командаларды жіберу кезінде әскери билеттеріне енгізу үшін қанның тобы мен резусын анықтау ұсынылсын.
       4. Аудандық ішкі істер бөлімі бастығы Жолаев Ержан Сырланқұлұлына (келісім бойынша):
      1) шақыру комиссиясымен әскерге жіберуге себепсіз келмегендерді іздестіру үшін шаралар жүргізу ұсынылсын;
      2) шақырылушыларды тасымалдау кезінде жол-көлік оқиғаларының алдын алудың, әскер қатарына жіберу кезіндегі және қорғаныс істері жөніндегі бөліміндегі шақырылушылар арасындағы қоғамдық тәртіпті сақтауда шақырылушылар мен полиция қызметкерлерінің жасағын ұйымдастырудың іс-шараларын жасау ұсынылсын;
      3) шақыру комиссиясының басталуына дейін аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге шақырылушылардың ұсақ тәртіп бұзушылық, ұрлық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғандығы, сотталғандығы, және сотты болғандығы, басқа мемлекеттің азаматы екендігі туралы тізімін жасап беру ұсынылсын.
       5. Ұйғыр ауданының қаржы бөлімінің бастығы Даутова Сахидам Молутовна шақырылушыларды әскер қатарына жіберу және қорытынды медициналық комиссияға Алматы қаласына жеткізу үшін қажетті шығындарды өтеуге қаражат бөлсін.
       6. Ұйғыр ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы Турдыбакиев Турсунжан 2009 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында аудандық шақыру комиссиясының қарамағына қоғамдық жұмыскерлер есебінен 8 жұмыскер бөлсін.
       7. Аудандық шақыру комиссиясы төмендегі құрамында құрылсын:
      1) Сыдықбаев Ерлан Нұрғалиұлы-аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша);
      2) Аликеева Гульжахан Какишевна-ішкі саясат бөлімінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары;

комиссия мүшелері:

      3) Калмаков Игорь Владимирович-аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша);
      4) Тохтахунов Бахитжан Ильясович-дәрігер, медициналық комиссияның төрайымы (келісім бойынша);
      5) Омарова Рахилям Оляровна-комиссия хатшысы (келісім бойынша).
       8. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы Сыдықбаев Ерлан Нұрғалиұлы (келісім бойынша) азаматтарды міндетті әскер қатарына шақырудың қорытындысы мен аталған қаулының орындалу барысы жайлы аудан әкіміне 2009 жылдың 10 шілдесіне және 2010 жылдың 10 қаңтарына дейін хабарлау ұсынылсын.
       9. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
       10. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Деменбаев Даулетжан Модинұлына жүктелсін.

      Аудан әкімі                                К. Омаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады