Ұйғыр ауданы бойынша 1993 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Ұйғыр ауданы әкімінің 2009 жылғы 25 желтоқсандағы N 12-66 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Ұйғыр ауданының Әділет басқармасында 2010 жылы 29 қаңтарда N 2-19-87 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Ұйғыр ауданы әкімінің 2010 жылғы 08 сәуірдегі N 04-03 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Ұйғыр ауданы әкімінің 2010.04.08 N 04-03 Шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17-бабына сәйкес аудан әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. 2010 жылдың қаңтар - наурыз айларында 1993 жылы туылған, сонымен қатар алдыңғы тіркеуден өтпей қалған жастары үлкен азаматтарды шақыру учаскелеріне есепке алуды жүргізсін.
      2. Селолық округтер әкімдері:
      1) 2009 жылдың 31 желтоқсанына дейін белгіленген нысан бойынша аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне 1993 жылы туылған жасөспірімдердің тізімдерін тапсырсын;
      2) 1993 жылы туылған, сондай-ақ түрлі себептермен шақыру учаскесінде бұрын тізімге алынбаған жасы ұлғайған азаматтарды дер кезінде толық және ұйымшылдықпен тізімге алуды қамтамасыз етсін;
      3) тізімдердің дұрыстығын тексеруде (Ф-1) қорғаныс істер жөніндегі бөлімге нақты көмек көрсете отырып, денсаулық жағдайына қарамастан 1993 жылы туылған азаматтардың барлығын тізімге алынуын, шақыру учаскесінде олардың тізімделуінің нақты өткізілуін қатаң бақылауға алсын.
      3. Ұйғыр аудандық орталық ауруханасы мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бас дөрігері Мамбеталиев Ақжолтай Тұрдалыұлына (келісім бойынша):
      1) тізімге алынғанға дейін 1993 жылы туылған барлық жасөспірімдердің кеуде қуысы органдарын флюрографиялық тексеруден өткізуді, эритроциттердің тыну жылдамдығын, гемоглабинді, лейкоцидтерді анықтай отырып, қандарын сараптауды, зәрдегі белок құрамын анықтау, электрокардиограммасын, сондай-ақ резустың оң және терістігін анықтауды жүргізсін;
      2) 2010 жылдың 5 қаңтарына дейін аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне науқастың Ф-25 нысанадағы амбулаториялық картасы мен Ф-25 қосымшасын, туберкулез, жүйке аурулары диспансерлерінде және жасөспірімдер тізімін берсін;
      3) шақырылушылар арасындағы емдеу-сауықтыру жұмыстары тізімге алу кезінде басталынсын, хирургиялық және тонзилоэктомиялық қажеттілік жағдайында 2010 жылдың мамыр айында аяқталынсын.
      4. Аудандық ішкі саясат бөлімінің бастығы Аликеева Кулжахан Кәкішқызы, аудандық білім бөлімінің бастығының міндетін уақытша атқарушы Сайдахметова Венера Анарбекқызы, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы Хитахунов Турсун жастарды Қазақстандық патриотизмге, Отан қорғауды конституциялық міндетін мүлтіксіз орындауға баулу жөніндегі тәрбие жұмыстарын жандандырсын.
      5. Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Жолаев Ержан Сырланқұлұлы (келісім бойынша):
      1) тізімге алу алдында қорғаныс істері жөніндегі бөліміне 1993 жылы туылған азаматтар арасында әкімшілік жауапкершілікке тартылған, бас еркінен айырылған және тіркеудегі, нашақорлыққа салынғандардың тізімін берсін.
      6. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы Турдыбакиев Турсунжанға:
      1) тізімге алу пунктіне 2010 жылдың 4 қаңтарынан 31 наурызына дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыскерлер есебінен ресми құжаттармен жұмыс істей білетін, мемлекеттік және ұлтаралық қатынас тілдерін жетік меңгерген 6 жұмыскер бөлсін.
      7. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы Сыдықбаев Ерлан Нурғалиұлы (келісім бойынша):
      1) атқарылған жұмыстар туралы 2010 жылдың 5 сәуіріне аудан әкіміне хабарлама берсін.
      8. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Деменбаев Даулетжан Мөдинұлына жүктелсін.
      9. Осы шешім ресми түрде жарияланғаннан кейінгі он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                К. Омаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады