Жамбыл ауданы аумағында иттерді және мысықтарды күтіп-ұстау Ережелерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 2009 жылғы 05 тамыздағы N 22-5 Шешімі. Жамбыл облысы Жамбыл ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 11 қыркүйекте 90 нөмірімен тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 2012 жылғы 15 маусымдағы № 7-2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 15.06.2012 № 7-2 шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексінің 3 бабының 2 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 21 қаңтардағы Заңының 6-бабына сәйкес, Жамбыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қоса берiлiп отырған Жамбыл ауданы аумағында иттерді және мысықтарды күтіп-ұстау Ережелері белгіленсін.
      2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жамбыл аудандық мәслихат                   Жамбыл аудандық
      сессиясының төрағасы:                      мәслихат хатшысы:
      К. Құрманқұлов                             Ә. Мәнтеев

Жамбыл аудандық мәслихатының
2009 жылғы 5 тамыздағы № 22-5
шешімімен белгіленген  

Жамбыл ауданы аумағында иттерді және мысықтарды күтіп-ұстау Ережелері

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы ережелер Жамбыл ауданы аумағында үй жануарларын, нақты мысықтарды, иттерді күтіп-ұстауды белгілеу мақсатында әзірленген.
      2. Ережелер меншік түріне қарамастан иттер мен мысықтарды күтіп-ұстайтын барлық жеке және заңды тұлғаларға тарайды.
      3. Осы Ережелер Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 21 қаңтардағы Заңының 6-бабына, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексінің 3-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленген.

2-тарау. Иттерді және мысықтарды күтіп-ұстау тәртібі

      4. Иттер және мысықтар жеке ветеринарлық паспортын беру жолымен сәйкестендіріледі.
      5. Иттер мен мысықтарды жаңа иесіне сату немесе беру бір мезгілде ветеринариялық паспортын бере отырып жүзеге асырылады.
      6. Иттер мен мысықтарды аудан, облыс, республикадан тысқары сату, сатып алу, шығару, кіргізу, олардың «құтыруға қарсы егілген деген» белгісі бар ветеринариялық куәлігі болған жағдайда рұқсат етіледі.
      7. Иттер мен мысықтарды балалардың ойын алаңдарында, аулаларда, серуендетуге жол берілмейді. Иттер мен мысықтарды адамдардың шомылуына арналған жерлерде шомылдыруға жол берілмейді.
      8. Иттерді арнайы белгіленген алаңдарда қыдыртуға жол беріледі.
      9. Адамдарды немесе жануарларды тістеген иттер, мысықтар  (нақты құтырумен ауырғаннан өзгелері) тез арада ветеринар мамандардың 10 күн ішінде оқшаулауы және бақылауы үшін жақын маңдағы ветеринарлық емдеу мекемесіне жеткізіледі.
      10. Иттің және (немесе) мысықтың ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелер мен нормативтерге сәйкес, сондай-ақ олардың биологиялық қажеттіліктеріне сай ұсталуы (қараусыз, тамақсыз, үздіксіз сусыз қалдырмау), ізгілікті қарау (оларды ұрып соқпау, ал ауырған жағдайда уақытында ветеринариялық көмек көрсету) жүзеге асырады.
      11. Иттерді және (немесе) мысықтарды баспалдақ алаңдарында, шатырларда, подъездерде, жертөлелерде, жатақхана коридорларында ұстамайды.
      12. Иттерді және (немесе) мысықтарды тұрғын үйлердің жанында қыдыртқанда тыныштықты қамтамасыз ету қажет. Иттерді қыдырту тұмылдырықта және қысқа бауда жүзеге асырылады.
      Пайдаланылатын жер учаскесі болғанда иттерді байлап қойып немесе (тек жақсы қоршалған аумақта) еркін қыдыртуға болады. Ит барлығы туралы еске салу мақсатында ескерту жазбасымен көзге көрінетін тақта орналастыру керек.
      Қоршаған ортаның ластануына жол бермеу мақсатында иттен және (немесе) мысықтан кейін арнайы құрал–саймандардың (пакет, қалақ) көмегімен міндетті тазалауды жүзеге асыру қажет.
      Ветеринариялық мамандарының талабы бойынша тексеру, диагностикалық зерттеу және емдеу, алдын алу шаралары үшін иттерді және мысықтарды кедергісіз әкелу қажет.

3-тарау. Қорытынды ережелер

      15. Жамбыл ауданы аумағында иттерді және мысықтарды күтіп-ұстау туралы осы Ережелерді бұзғандар "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексінің 311-бабына сәйкес жауапқа тартылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады