2009 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Меркі ауданы әкімиятының 2009 жылғы 13 мамырдағы N 200 Қаулысы. Жамбыл облысы Меркі ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 16 маусымда нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 68 болып енгізілді. Шешімінің қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды - Меркі аудандық Әділет басқармасының 2010 жылғы 27 мамырдағы № 4-1151 хатымен

      Ескерту: Шешімінің қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды - Меркі аудандық Әділет басқармасының 2010.05.27 № 4-1151 хатымен.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабы 1 тармағының 8) тармақшасы, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасы 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 19 бабына, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір–маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі № 779 Жарлығына және «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі № 779 Жарлығын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі № 543 Қаулысын басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі, шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқада әскерлер мен әскери құралдарды жасақтау үшін әскери қызметке шақыру ұйымдастырылсын.
      2. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды және ұйымдастыруды жүргізу үшін келесі құрамда аудандық шақыру комиссиясы құрылсын:

Нурдинов Көпбосын Кеңесбекұлы

- «Жамбыл облысы Меркі ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасы; (келісімі бойынша)

Есенов Сәкен Бөрібайұлы

- «Меркі ауданы әкімиятының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары;

Комиссия мүшелері:


Амиралиев Талғат Тұрлыбайұлы

- «Жамбыл облыстық ішкі істер департамантінің Мерке аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары, комиссия мүшесі; (келісімі бойынша)

Әбішев Тілеміс Әбішұлы

- «Жамбыл облысы әкімиятының денсаулық сақтау басқармасының Меркі аудандық орталық емханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның дәрігері – онколог хирург, медициналық комиссияның төрағасы; (келісімі бойынша)

Тоқтышақова Индира Сыдықбекқызы

- «Жамбыл облысы әкімиятының денсаулық сақтау басқармасының Меркі аудандық орталық емханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның медбикесі, комиссия хатшысы (келісімі бойынша).

      3. «Жамбыл облыстық ішкі істер департамантінің Мерке аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Қайрат Абайұлы Рысбаевқа (келісімі бойынша) өз құзыреті шегінде әскери міндеттерін өтеуден жалтарып жүргендерді іздеу және оларды ұстау, сонымен қатар әскери бөлімдерге жөнелтілу кезінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М. Көкірекбаевқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап заңды күшіне енеді және бұқаралық ақпарат құралдарында алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан Әкімінің міндетін атқарушы           І. Ахметжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады