2010 жылға арналған Жезқазған қаласы аумағында жер салығы базалық ставкасының дұрысталған коэффициенттерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 2009 жылғы 22 желтоқсандағы N 19/222 шешімі. Қарағанды облысы Жезқазған қаласы Әділет басқармасында 2010 жылғы 28 қаңтарда N 8-2-109 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 2010 жылғы 5 сәуірдегі N 22/269 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 2010.04.05 N 22/269 шешімімен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексіне, 2003 жылғы 20 маусымдағы "Қазақстан Республикасының Жер кодексіне" сәйкес, Жезқазған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қосымшаға сәйкес 2010 жылға арналған Жезқазған қаласы аумағында жер салығы базалық ставкасының дұрысталған коэффициенттері белгіленсін.
      2. "2009 жылға арналған Жезқазған қаласы аумағында жер салығы базалық ставкасының дұрысталған коэффициенттерін белгілеу туралы" қалалық мәслихаттың 2008 жылғы 23 желтоқсандағы N 11/117 (2009 жылдың 14 қаңтарында Жезқазған қаласы әділет басқармасында 8-2-76 нөмірімен тіркелген және 2009 жылдың 21 қаңтарында "Сарыарқа" газетінің 6 (7499) нөмірінде ресми жарияланды), шешімі өз күшін жойды деп танылсын.
      3. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы шешімнің орындалысын бақылау қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларына жүктелсін.

      Сессия төрағасы                            Н. Ярмак

      Қалалық мәслихаттың
      хатшысы                                    Қ. Әбдіров

      Келісілді:

      "Жезқазған қаласы бойынша
      салық басқармасы" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        Б.Д. Ахметов
      22.12.2009 ж.

      "Жезқазған қаласының
      жер қатынастары
      бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                         Т.С. Әлменов
      22.12.2009 ж.

Жезқазған қалалық мәслихатының
2009 жылғы 22 желтоқсандағы
N 19/222 шешіміне қосымша

Жезқазған қаласы аумақтарының жер салығы базалық ставкасының коэффициентері

N

Аталуы

Бағалау аймақтарының нөмірлері

Салық ставкаларының коэффициенттері

1

Калалық елді мекен шегіндегі мекенді (селитебтік) аймақ

1

1,45

2

Калалық елді мекен шегіндегі мекенді (селитебтік) аймақ

2

1,36

3

Калалық елді мекен шегіндегі мекенді (селитебтік) аймақ

3

1,32

4

Калалық елді мекен шегіндегі мекенді (селитебтік) аймақ

4

1,27

5

Калалық елді мекен шегіндегі мекенді (селитебтік) аймақ

5

1,15

6

Калалық елді мекен шегіндегі мекенді (селитебтік) аймақ

6

1,28

7

Калалық елді мекен шегіндегі мекенді (селитебтік) аймақ

7

0,99

8

Калалық елді мекен шегіндегі мекенді (селитебтік) аймақ

8

1,00

9

Калалық елді мекен шегіндегі мекенді (селитебтік) аймақ

9

0,76

10

Калалық елді мекен шегіндегі мекенді (селитебтік) аймақ

10

1,2

11

Калалық елді мекен шегіндегі мекенді (селитебтік) аймақ

11

1,32

12

Калалық елді мекен шегіндегі мекенді (селитебтік) аймақ

12

1,2

13

Калалық елді мекен шегіндегі мекенді (селитебтік) аймақ

13

1,0

14

Калалық елді мекен шегіндегі мекенді (селитебтік) аймақ

14

1,05

15

Қалалық елді мекен шегіндегі өндірістік және өнеркәсіптік аймақ

15

0,98

16

Қалалық елді мекен шегіндегі өндірістік және өнеркәсіптік аймақ

16

0,92

17

Қалалық елді мекен шегіндегі өндірістік және өнеркәсіптік аймақ

17

1,01

18

Қалалық елді мекен шегіндегі мекенді (селитебтік) аймақ

18

0,91

19

Қалалық елді мекен шегіндегі өндірістік және өнеркәсіптік аймақ

19

0,84

20

Қалалық елді мекен шегіндегі өндірістік және өнеркәсіптік аймақ (құрылыс салу шегінің сырты)

20

0,75

21

Қалалық елді мекен шегіндегі бағбаншылық және сауықтыру жерлері

21

1,00

22

Кенгір ауылдық округіндегі суармалы тыңайған жерлер

22

0,83

23

Талап ауылдық округіндегі суармалы тыңайған жерлер

23

0,77

24

Шабындық жерлер

24

0,90

25

Талап ауылдық округіндегі жайылымдық жерлер

25

0,70

26

Кенгір ауылдық округіндегі жайылымдық жерлер

26

0,77

27

Сарыкеңір ауылдық округіндегі жайылымдық жерлер

27

0,75

28

Талап ауылдық елді мекен жері

28

0,82

29

Кеңгір ауылдық елді мекен жері

29

0,99

30

Малшыбай ауылдық елді мекен жері

30

0,76

31

Теректі ауылдық елді мекен жері

31

0,73

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады